Соның салдарынан екі шағынауданды байланыстыратын жолға еріген қар суы жайылды
Орал қаласында қардың қатты еруі салдарынан су көшелер мен жолдарға жиналып жатыр, деп хабарлайды Almaty.tv тілшісі ҚазАқпаратқа сілтеме жасап.
Тұрғындардың мәлім еткеніндей, 13 наурызға қараған түні қалаға қарасты Деркөл кентінде су «Сарыарқа» шағынауданына қарай баратын жаңадан салынған жолдың үстіне шығып кетті.
БҚО ТЖ департаменті баспасөз қызметінің нақтылауынша, «Сарыарқа» шағынауданында қалаішілік автожолдың ойпатты бөлігіне су жиналған. Соның салдарынан екі шағынауданды байланыстыратын жолға еріген қар суы жайылды.
"Көлік қозғалысы бұзылған жоқ және тұрғындарға қауіп төнген жоқ. Бұл жерде Батыс Қазақстан облысы ТЖД бөлімшелері жұмыс істеуде. Олар мотопомпалардың көмегімен суды айдауда. Сондай-ақ полиция қызметкерлері мен жергілікті атқарушы органдардың өкілдері жұмылдырылды. Жағдай бақылауда", - деп хабарлады ведомстводан.
Соңғы кезде Орал қаласында тұрғындар әлеуметтік желіге бейнежазбалар жүктеп, судың көше жолдарына жиналып, көлік қозғалысына қиындық келтіріп жатқанын айтуда.
Оқи отырыңыз: Қазақ тілін дамытуға қандай жасанды интеллект базасы тиімді