Кей өңірде жаңбыр жауады: жексенбіге арналған ауа райы болжамы

Shawn Rain on Unsplash
Shawn Rain on Unsplash

Республика бойынша жел күшейеді

Жаңалықтармен бөлісіңіз

Синоптиктер 25 мамырға арналған ауа райы болжамын жариялады, деп хабарлайды Аlmaty.tv «Қазгидромет» РМК баспасөз қызметіне сілтеме жасап. 

«Қазақстан аумағының басым бөлігінің ауа райына әлі де солтүстік-батыс циклоны әсер ететіндіктен, найзағай ойнап, жаңбыр, елдің орталығында қатты жаңбыр жауады деп болжанып отыр. Орталықта, шығыста, оңтүстік-шығыста бұршақ, дауыл болады. Тек елдің батысында жауын-шашынсыз ауа райы сақталады», - делінген хабарламада.

Республика бойынша жел күшейіп, ҚР оңтүстік-шығысында шаңды дауыл соғады. Елдің солтүстігінде, шығысында, орталығында түнгі және таңғы уақытта тұман түседі.

Түнде Ақмола облысының батысында, солтүстігінде топырақ бетінде, Солтүстік Қазақстан, Ақтөбе, Қостанай облыстарының батысында, солтүстігінде, Батыс Қазақстан облысының солтүстігінде, шығысында 1-2 градус үсік жүреді.

Жетісу облысының шығысында, орталығында, Маңғыстау облысының  батысында, Ақтөбе облысының  батысында, оңтүстігінде, Павлодар облысының шығысында, Жамбыл облысының солтүстігінде, оңтүстігінде, Атырау облысының  батысында, солтүстігінде, шығысында, Түркістан облысының оңтүстігінде, Алматы облысының орталығында, Абай облысының оңтүстік-шығысында, жоғары өрт қаупі болады.

Қызылорда облысының солтүстігінде, Түркістан облысының шөлді аудандарында, Жамбыл облысының батысында, шығысында, Қостанай облыстының  оңтүстігінде, Ақтөбе облысының оңтүстік-шығысында, Атырау облысының оңтүстігінде, Алматы облысының солтүстігінде, батысында, Павлодар облысының батысында, оңтүстігінде, Шығыс Қазақстан облысының оңтүстік-шығысында, Жетісу облыстарының шығысында, Абай облысының  оңтүстігінде, Ұлытау облысының шығысында, орталығында төтенше өрт қаупі болады.

Астанада – құбылмалы бұлтты, жаңбыр, жел 7-12 м/с. Ауа температурасы күндіз +13...+15°C болады.

Алматыда – күн ашық, жауын-шашынсыз, жел 3-8 м/с. Күндізгі температура +25…+27°C болады.

Шымкентте – күн ашық, жауын-шашынсыз, жел 5-10 м/с. Күндізгі ауа температурасы +29…+31°C болады.

Оқи отырыңыз: Алматыда 26 мамыр мен 1 маусым аралығында ауа райы қандай болады

Новости партнеров