Тұман түсіп, жел соғады: сенбіге арналған ауа райы болжамы

Фото: unsplash.com (Holly Wilfong)
Фото: unsplash.com (Holly Wilfong)

Еліміздің кей өңірінде жауын-шашын жаууы мүмкін

Жаңалықтармен бөлісіңіз

Синоптиктер 30 қарашаға арналған ауа райы болжамын жариялады, деп хабарлайды Аlmaty.tv баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

"ҚР аумағының басым бөлігі оңтүстік циклон мен атмосфералық фронттардың ықпалында болады, осыған байланысты жауын-шашын (жаңбыр, қар) жаууы мүмкін. Тек республиканың солтүстігінде, солтүстік-батысында жауын-шашынсыз ауа райы болады. Республика бойынша тұман түседі, оңтүстігінде, оңтүстік-шығысында, шығысында жел күшейіп, батысында, оңтүстігінде, оңтүстік-шығысында, орталығында көктайғақ болады", - деп хабарлады "Қазгидромет" РМК.

Астанада көшпелі бұлт шығады, жауын-шашынсыз, жел 1-6 м/с. Ауа температурасы түнде -15...-17°С, күндіз -3...-5°С болады.

Алматыда көшпелі бұлт шығады, жаңбыр жауады, жел 2-7 м/с. Ауа температурасы түнде +2...+4°C, күндіз +8...+10°C болады.

Шымкентте көшпелі бұлт шығады, жаңбыр жауып, қар жауады, жел 8-13, екпіні 15-20 м/с жетеді. Ауа температурасы түнде +3...+5°C, күндіз +5...+7°C болады.

Ақтауда көшпелі бұлт шығады, жауын-шашынсыз, жел 7-12 м/с. Ауа температурасы түнде +1...+3°C, күндіз +4...+6°C болады.

Ақтөбеде көшпелі бұлт шығады, жауын-шашынсыз, жел 3-8 м/с. Ауа температурасы түнде -8...-10°C, күндіз -1...-3°С болады.

Атырауда көшпелі бұлт шығады, жауын-шашынсыз, жел 5-10 м/с. Ауа температурасы түнде -4...-6°C, күндіз 0...+2°C болады.

Жезқазғанда көшпелі бұлт шығады, жаңбыр, қар жауады, жел 3-8 м/с. Ауа температурасы түнде 0…-2°C, күндіз +1…+3°C болады.

Қарағандыда көшпелі бұлт шығады, жауын-шашынсыз, жел 2-7 м/с. Ауа температурасы түнде -6...-8°С, күндіз -1...-3°С болады.

Көкшетауда көшпелі бұлт шығады, жауын-шашынсыз, жел 2-7 м/с. Ауа температурасы түнде -16...-18°C, күндіз -6...-8°C болады.

Қонаев қаласында көшпелі бұлт шығады, жаңбыр жауады, жел 9-14 м/с. Ауа температурасы түнде +1...+3°C, күндіз +7...+9°C болады.

Қостанайда көшпелі бұлт шығады, жауын-шашынсыз, жел 2-7 м/с. Ауа температурасы түнде -12...-14°C, күндіз -4...-6°C болады.

Қызылордада көшпелі бұлт шығады, жауын-шашынсыз, жел 7-12 м/с. Ауа температурасы түнде 0…-2°C, күндіз +5…+7°C болады.

Павлодарда көшпелі бұлт шығады, жауын-шашынсыз, жел 3-8 м/с. Ауа температурасы түнде -15...-17°С, күндіз -5...-7°С болады.

Петропавлда күн ашық, жауын-шашынсыз, жел 2-7 м/с. Ауа температурасы түнде -16...-18°C, күндіз -8...-10°C болады.

Семейде көшпелі бұлт шығады, жауын-шашынсыз, жел 1-6 м/с. Ауа температурасы түнде -5...-7°С, күндіз -3...-5°С болады.

Талдықорғанда көшпелі бұлт шығады, жаңбыр жауады, жел 5-10 м/с. Ауа температурасы түнде -3...-5°C, күндіз +6...+8°C болады.

Оқи отырыңыз: Алматыда 2-8 желтоқсан аралығында ауа райы қандай болады

Новости партнеров