Тұман, жаяу бұрқасын: бүгінгі ауа райы болжамы қандай

Фото: unsplash.com (Aaron Burden)
Фото: unsplash.com (Aaron Burden)

Республиканың көп бөлігінде жауын-шашын жаумайды

Жаңалықтармен бөлісіңіз

Синоптиктер 16 қарашаға арналған ауа райы болжамын жариялады, деп хабарлайды Аlmaty.tv баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

«Қазгидромет» РМК болжамынша, антициклон сілемі әсерінен ел аумағының көп бөлігінде жауын-шашынсыз ауа райы болады.

— Тек республиканың батысында, солтүстік-батысында, солтүстігінде атмосфералық фронтальды бөлімдердің өтуімен жаңбыр мен қар түрінде жауын-шашын болады, — делінген хабарламада.

Астанада көшпелі бұлт шығады, жауын-шашынсыз болады. Жел 5-10 м/с. Ауа температурасы түнде -8...-10°C, күндіз -2...-4°С. Ылғалдылық 70%. Жауын-шашын ықтималдығы 10%. 

Алматыда көшпелі бұлт шығады, жауын-шашынсыз болады. Жел 2-7 м/с. Ауа температурасы түнде -3...-5°C, күндіз +5...+7°C. Ылғалдылық 65%. Жауын-шашын ықтималдығы 5%.  

Шымкентте көшпелі бұлт шығады, жауын-шашынсыз болады. Жел 3-8 м/с. Ауа температурасы түнде -1...-3°C, күндіз +11...+13°C. Ылғалдылық 60%. Жауын-шашын ықтималдығы 5%.  

Жетісу облысында солтүстік-шығыстан жел соғады, Алакөл көлдері аудандарындағы екпіні 15-20 м/с дейін жетеді.

Түнде және таңертең Ұлытау облысының солтүстігінде, шығысында тұман болады деп күтіледі.

Түнде және таңертең Қарағанды облысының солтүстігінде, шығысында тұман түседі. Қарағандыда да түнде және таңертең тұман түседі.

Ақмола облысының батысында, солтүстігінде оңтүстік-батыстан жел соғады, күндіз соққан желдің екпіні 15-18 м/с жетеді.

Түнде Батыс Қазақстан облысының солтүстігінде, шығысында көктайғақ болады. Түнде және таңертең облыстың батысында, оңтүстігінде тұман түседі. Оралда түнде көктайғақ болады.

Күндіз Қостанай облысының батысында, солтүстігінде, шығысында жаяу бұрқасын жүреді, көктайғақ болады. Түнде және таңертең облыстың батысында, оңтүстігінде тұман түседі. Облыстың солтүстігінде, шығысында, оңтүстігінде оңтүстік-батыстан соққан желдің екпіні 15-20 м/с құрайды.

Түнде Ақтөбе облысының батысында, солтүстігінде көктайғақ болады. Түнде және таңертең облыстың оңтүстігінде тұман түседі.

Ақмола облысының батысында, солтүстігінде күндіз оңтүстік-батыстан соққан желдің екпіні 15-18 м/с жетеді.

Солтүстік Қазақстан облысының солтүстігінде, шығысында жаяу бұрқасын жүреді. Облыстың солтүстігінде, шығысында, оңтүстігінде оңтүстік-батыстан жел соғады, екпіні - 15-20 м/с. Петропавлда күндіз жаяу бұрқасын болады. Оңтүстік-батыстан жел соғады, екпіні - 15-20 м/с.

Түнде және таңертең Атырау облысының батысында, солтүстігінде тұман түседі.

Түнде және таңертең Түркістан облысының батысында, оңтүстігінде, таулы аудандары мен тау бөктерінде тұман болады. Шымкентте де, Түркістанда да түнде және таңертең тұман түседі.

Қызылорда облысының солтүстігінде, орталығында тұман болады.

Түнде және таңертең Алматы облысының оңтүстігінде, таулы аудандарында тұман түседі. Алматыда да, Қонаев қаласында да түнде және таңертең тұман түседі.

Новости партнеров