Жаңбыр соңы қарға ұласуы мүмкін: сенбіге арналған ауа райы болжамы қандай

elements.envato.com
elements.envato.com

Тек еліміздің батысында жауын-шашынсыз ауа райы сақталады

Жаңалықтармен бөлісіңіз

Синоптиктер 12 қазанға арналған ауа райы болжамын жариялады, деп хабарлайды Аlmaty.tv «Қазгидромет» РМК баспасөз қызметіне сілтеме жасап.  

«Қазақстанның көп бөлігінде циклон мен атмосфералық фронтальды бөлімдердің әсерінен жауын-шашын, бұрқасын, көктайғақ болады, оңтүстікте, оңтүстік-шығыста жаңбыр түрінде, кей уақытта қатты жаңбыр, солтүстік бөлектерінде қар, кей уақытта қар жауады. Еліміздің оңтүстігінде, оңтүстік-шығысында найзағай ойнайды. Тек еліміздің батысында жауын-шашынсыз ауа райы сақталады. ҚР бойынша желдің күшейіп, түнгі және таңертеңгі сағаттарда тұман болады», - делінген хабарламада.

Павлодар облысында, Абай, Шығыс Қазақстан облыстарының батысында, орталығында, солтүстігінде, оңтүстігінде, Қарағанды облысының оңтүстігінде, шығысында, Ұлытау облысының оңтүстігінде, Ақтөбе облысының солтүстігінде, Батыс Қазақстан солтүстік-шығысында, Жамбыл облысының солтүстік-шығысында, Қызылорда облысының батысында жоғары өрт қаупі сақталады.

Қызылорда облысының солтүстігінде, орталығында, Ақтөбе облысының батысында, Батыс Қазақстан облысының орталығында, Түркістан облысының шөлді аудандарында, Атырау облысының батысында, солтүстігінде, Жамбыл облысының солтүстік-батысында, Қостанай облысының оңтүстігінде, Жетісу облысының батысында, солтүстігінде, орталығында, Алматы облысының батысында, солтүстігінде төтенше өрт қаупі сақталады.

Оқи отырыңыз: Алматыда 14-20 қазан аралығында ауа райы қандай болады

Новости партнеров