Солтүстікте боран, оңтүстікте аяз: алдағы күндерге арналған ауа райы болжамы

Depositphotos
Depositphotos

Тек республиканың батыс аймағында ғана жауын-шашынсыз ауа райы сақталады

Жаңалықтармен бөлісіңіз

«Қазгидромет» РМҚ 4-6 қараша күндекріне арналған ауа райы болжамын жариялады, деп хабарлайды Almaty.tv.

Синоптиктердің болжамынша, алдағы күндері республика аумағы Атлант мұхитынан келетін циклонның ықпалында болады.

"Елдің басым бөлігінде жауын-шашын (негізінен қар) мен желдің күшеюін тудырады. Республика бойынша тұман, көктайғақ, ал солтүстік өңірлерде жаяу бұрқасын күтіледі", — делінген хабарламада.

Тек республиканың батыс аймағында ғана жауын-шашынсыз ауа райы сақталады.

"Оңтүстік өңірлерде атмосфералық фронттардың өтуіне байланысты қатты жауын-шашын (жаңбырдың қарға ауысуы) күтіледі, ал республиканың солтүстік бөлігінде кей жерлерде күшті қар жауады", — деп жазды «Қазгидромет» РМҚ.

Ауа температурасының күндізгі уақытта күрт төмендеуі болжанады: солтүстік пен орталықта –2…–10°С, оңтүстік және оңтүстік-шығыста +2…+7°С шамасында болады.

Оқи отырыңыз: Қазақстанның басым бөлігінде жауын-шашын болады

 

Новости партнеров