Еліміздің басым бөлігінде жауын-шашынсыз ауа райы болады
Синоптиктер 4 қаңтарға арналған ауа райы болжамын жариялады, деп хабарлайды Аlmaty.tv.
"Циклон шұңқырының әсері елдің батысында, солтүстігінде, шығысында әлі де сақталады және атмосфералық фронттардың өтуіне байланысты жауын-шашын (жаңбыр, қар) жауады. Елдің оңтүстік-батысында, оңтүстігінде, орталығында антициклон жоталарының әсерінен жауын-шашынсыз ауа райы болады. Республика бойынша тұман, көктайғақ болып, боран мен жел күшейеді», - деп хабарлады "Қазгидромет" РМК.
Ақмола, Солтүстік Қазақстан облыстарының батысында, солтүстігінде, шығысында, Павлодар облысының батысында, солтүстігінде, Қостанай облысының шығысында, оңтүстігінде 30 м/с және одан да аса қатты жел соғады.
Астанада бұлтты, аздаған жауын-шашын (жаңбыр, қар), бұрқасын, көктайғақ, тұман болады. Оңтүстік-батыстан соғатын жел секундына 9-14 метр, түнде екпіні 15-20 м/с жетеді. Ауа температурасы түнде және күндіз -2-4° болады.
Алматыда көшпелі бұлт шығады, жауын-шашынсыз, кей жерлерде тұман түседі. Солтүстік-шығыстан 2-7 м/с жел соғады. Ауа температурасы түнде -3-5°С, күндіз +2+4°С болады.
Шымкентте көшпелі бұлтты, жауын-шашынсыз, тұман болады. Оңтүстік-батыстан 5-10 м/с жел соғады. Ауа температурасы түнде -3-5°C, күндіз +2+4°C болады.
Ақтауда көшпелі бұлт шығады, жауын-шашынсыз, жел 5-10 м/с. Ауа температурасы түнде +4...+6°C, күндіз +10...+12°C.
Ақтөбеде бұлтты, жауын-шашынсыз, жел 9-14, екпіні 15-20 м/с. Ауа температурасы түнде 0…-2°C, күндіз –1…+1°C.
Атырауда көшпелі бұлт шығады, жауын-шашынсыз, жел 7-12 м/с. Ауа температурасы түнде 0…+2°C, күндіз +4…+6°C.
Жезқазғанда көшпелі бұлт шығады, қар жауады, жел 9-14 м/с. Ауа температурасы түнде -7...-9°С, күндіз -2...-4°С.
Қарағандыда көшпелі бұлт шығады, қар жауады, жел 9-14, екпіні 15-20 м/с жетеді. Ауа температурасы түнде -8...-10°С, күндіз -3...-5°С.
Көкшетауда көшпелі бұлтты, көктайғақ, жел 15-20, екпіні 23 м/с. Ауа температурасы түнде -8...-10°C, күндіз +1...+3°C.
Қостанайда бұлтты, жауын-шашынсыз, жел 15-20 м/с. Ауа температурасы түнде -6...-8°C, күндіз 0...+2°C.
Қызылордада көшпелі бұлт шығады, жауын-шашынсыз, жел 3-8 м/с. Ауа температурасы түнде -4...-6°C, күндіз 0...+2°C.
Павлодарда көшпелі бұлт шығады, қар жауады, жел 15-20, екпіні 23-28 м/с жетеді. Ауа температурасы түнде 9-11°С, күндіз 0…-2°С.
Петропавлда көшпелі бұлт шығады, қар жауады, жел 15-20, екпіні 23 м/с жетеді. Ауа температурасы түнде 11-13°C, күндіз 0...+2°C.
Семейде бұлтты, қар жауады, жел 5-10, екпіні 15-20 м/с жетеді. Ауа температурасы түнде -8...-10°C, күндіз -1...-3°С.
Талдықорғанда көшпелі бұлт шығады, жауын-шашынсыз, жел 2-7 м/с күшейеді. Ауа температурасы түнде -4...-6°C, күндіз +3...+5°C.
Таразда көшпелі бұлт шығады, жауын-шашынсыз, жел 9-14 м/с. Ауа температурасы түнде -3...-5°C, күндіз +4...+6°C.
Түркістанда көшпелі бұлт шығады, жауын-шашынсыз, жел 5-10 м/с күшейеді. Ауа температурасы түнде -3...-5°C, күндіз +2...+4°C.
Оралда бұлтты, жауын-шашынсыз, жел 9-14, екпіні 18 м/с. Ауа температурасы түнде -3...-5°C, күндіз 0...+2°C.
Өскеменде бұлтты, жауын-шашынсыз, жел 5-10, екпіні 15-20 м/с. Ауа температурасы түнде -6...-8°C, күндіз 0...-2°C.
Оқи отырыңыз: Алматыда 30 желтоқсан мен 5 қаңтар аралығында ауа райы қандай болады