Бүгін Қазақстанның басым бөлігінде жауын-шашынсыз ауа райы болады

Victor Glutsenko
Victor Glutsenko

Бірқатар өңірде тұман түсіп, түнде жел күшейеді

Жаңалықтармен бөлісіңіз

Синоптиктер 19 қазанға арналған ауа райы болжамын жариялады, деп хабарлайды Аlmaty.tv «Қазгидромет» РМК баспасөз қызметіне сілтеме жасап. 

«Қазақстанның көп бөлігінде антициклонның әсерінен ауа райы жауын-шашынсыз болады. Атмосфералық фронтальды бөлімдердің өтуіне байланысты республиканың батысында, оңтүстік-батысында, шығысында жауын-шашын, батысында жаңбыр түрінде, елдің шығысында аралас жауын-шашын түрінде (жаңбыр, қар), ҚР батысында қатты жаңбыр, оңтүстік-батысында найзағай болады», - делінген хабарламада.

ҚР аумақтарының басым бөлігінде түнде және таңертең елде тұман, батысында, оңтүстік-шығысында жел күшейеді.

Түнде Алматы облысында және Жетісу облысында 1-7 градус аяз сақталады.

Оқи отырыңыз: Қараша айында ауа райы қандай болады

Новости партнеров