Еxit poll: Қасым-Жомарт Тоқаев 70,13% дауыс жинады

Екінші орынға Әміржан Қосанов жайғасса, үштікті Дания Еспаева қорытындылады
Жаңалықтармен бөлісіңіз

Еxit poll нәтижесі бойынша 9 маусымда өткен ҚР Президентінің кезектен тыс сайлауы барысында сайлаушылардың -70,13 проценті кандидат Қасым-Жомарт Тоқаевқа дауыс берген. Бұл туралы елордадағы Орталық коммуникациялар қызметінде өткен брифингте «Қоғамдық пікір» институтының кеңес төрайымы Айнұр Мәжитова мәлім етті, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Оның айтуынша, сайлау күні «Қоғамдық пікір» институты Exit poll-дың стандартты әдістемесі бойынша, сайлау учаскесіне барған сайлаушылар арасында сауалнама жүргізді. Оларға «Сіз қай кандидатқа дауыс бердіңіз?» деген бір ғана сауал қойылды.

Сонымен, Exit-poll нәтижесі келесідей: Қасым-Жомарт Тоқаевқа - 70,13 пайыз, Әміржан Қосановқа - 15,39 пайыз, Дания Еспаеваға - 5,32 пайыз, Жамбыл Ахметбековке - 3,86 пайыз, Төлеутай Рақымбековке - 3,03 пайыз, Амангелді Таспиховқа - 1,41 пайыз, Сәді-Бек Түгелге - 0,86 пайыз дауыс жинады.

Новости партнеров