Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау вице-министрі қызметіне Ерлан Әукенов тағайындалды

Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау вице-министрі қызметіне Ерлан Әукенов  тағайындалды
Светлана Жақыпова қызметінен өз еркімен кетті
Жаңалықтармен бөлісіңіз

Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау вице-министрі болған Светлана Жақыпова қызметінен босатылды, деп хабарлайды Аlmaty.tv тілшісі премьер-министр сайтына сілтеме жасап.

"ҚР үкіметінің қаулысымен Ерлан Мұратұлы Әукенов Қазақстан республикасының еңбек және халықты әлеуметтік қорғау вице-министрі қызметіне тағайындалды. Бұған дейін аталған қызметті атқарған Светлана Жақыпова өз қалауы бойынша жұмысынан босатылды", - делінген хабарламада.

Ерлан Әукенов 1984 жылы 5 қыркүйекте Алматы қаласында туған. Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетін, "Болашақ" бағдарламасы бойынша Бредфорд университетін, Халықаралық бизнес академиясын, Лондон экономика және саяси ғылымдар мектебін тәмамдаған.

2010-2011 жылдары — Шығыс Қазақстан облысы әкімінің аппараты басшысының орынбасары;  

2011-2014 жылдары — ҚР президенті әкімшілігінің мемлекеттік инспекторы;

2014-2015 жылдары — Солтүстік Қазақстан облысы әкімінің орынбасары;

2015-2019 жылдары Алматы қаласы әкімінің орынбасары лауазымын атқарды, әлеуметтік әл-ауқат мәселесі бойынша жетекшілік еткен.

Новости партнеров