|
09.06.2019 | 09:11
3915

Жамбыл Ахметбеков дауыс берді

Ол 91 жастағы анасымен бірге келіп дауыс берді

Жамбыл Ахметбеков дауыс берді  NUR.KZ

Қазақстан коммунистік халық партиясы атынан Президент сайлауына түсіп жатқан Жамбыл Ахметбеков 91 жастағы анасымен бірге келіп дауыс берді, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Президентікке үміткер өз таңдауын №66 мектепте орналасқан №113 сайлау учаскесінде жасады. Жамбыл Ахметбеков дауыс бергеннен кейін журналистерге сұхбат беріп, таңдау жасауға отбасымен бірге келгенін айтты.

«Біздің әке-шешеміз сайлау күні ерте тұрып, елдің алды болып дауыс беретін. Солардан көрген тәрбие бойынша бүгін таңнан тұрып 91 жастағы анам мен жұбайым, қызым төртеуіміз бірге келдік», - деді Президентікке үміткер.

Президент сайлауына осымен екінші рет түсіп отырған үміткер биылғы саяси доданың ерекшелігіне тоқталды.

«Ол кезде кандидаттар саны аз болғанымен, әлемдік деңгейде беделі бар Нұрсұлтан Назарбаев бар еді. Ол кісімен бәсекеге түсу біз үшін қиын еді. Ал бұл жолғы сайлауда барлық кандидаттың мүмкіндігі бір деп ойлаймын», - деді Жамбыл Ахметбеков.

Еске сала кетсек, бүгін Қазақстан Президентін кезектен тыс сайлау басталды. ҚР Президентінің кезектен тыс сайлауында ел ішінде және шет елдерде 9 968 дауыс беру учаскесі жұмыс істейді. Сайлау туралы Конституциялық заңға сәйкес, дауыс беру уақыты стандартты (сағат 7.00-20.00 аралығы) болады.  


Біздің Telegram каналына жазылып, соңғы ақпаратты оқыңыз. Егер хабарлама жолдағыңыз келсе, WhatsApp мессенжеріне жазыңыз.
Новости партнеров
След. →
Прямой эфир