Тоқаев бірнеше елдегі жаңа елшілерді тағайындады
akorda.kz
Сондай-ақ Аркен Арыстанов бітнеше лауазымдарынан босатылды
Жаңалықтармен бөлісіңіз
Президент Қасым-Жомарт Тоқаев дипломаттар арасында бірнеше тағайындау жасады, деп хабарлайды Almaty.tv тілшісі Ақорданың баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
Мемлекет басшысының Жарлықтарымен:
- Әлібек Бақаев Қазақстан Республикасының Аустрия Республикасындағы төтенше және өкілетті елшісі, Қазақстан Республикасының Вена қаласындағы халықаралық ұйымдар жанындағы тұрақты өкілі болып тағайындалды, ол Қазақстан Республикасының Швейцария Конфедерациясындағы төтенше және өкілетті елшісі, Қазақстан Республикасының Лихтенштейн Князьдігіндегі, Ватикан Мемлекетіндегі, Қасиетті Иерусалим Иоанның, Родос және Мальтаның Егеменді Әскери Госпитальерлері Орденінің жанындағы төтенше және өкілетті елшісі қызметін қоса атқарушы лауазымдарынан босатылды;
- Қайрат Саржанов Қазақстан Республикасының Швейцария Конфедерациясындағы төтенше және өкілетті елшісі лауазымына тағайындалды;
- Асқар Құттықадам Қазақстан Республикасының Сингапур Республикасындағы төтенше және өкілетті елшісі лауазымына тағайындалды.
- Мемлекет басшысының Жарлығымен Аркен Арыстанов Қазақстан Республикасының Сингапур Республикасындағы төтенше және өкілетті елшісі, Қазақстан Республикасының Жаңа Зеландиядағы төтенше және өкілетті елшісі, Қазақстан Республикасының Аустралия Одағындағы төтенше және өкілетті елшісі қызметтерін қоса атқарушы лауазымдарынан босатылды.
Біздің Telegram каналымызға жазылыңыз, жаңа басылымдарды жіберіп алмау үшін
Көп оқылған
Қазақстандықтар қараша айында қалай демалады
17.11.2026 17:40
Қысқы күн тоқырауы: ғалымдар 2026 жылдың ең қысқа күнін атады
18.11.2026 12:55
Алматыда 16-22 қараша аралығында ауа райы қандай болады
18.11.2026 08:13
Қысқы жолда қандай шинамен жүрген дұрыс
17.11.2026 09:40