|
08.11.2019 | 09:30
2532

Білім вице-министрі Жақыпова қызметінен босатылды

7 қараша күні сенатор Еділ Мамытбеков плагиат дауына байланысты вице-министрдің отставкаға кетуін талап еткен болатын

Білім вице-министрі Жақыпова қызметінен босатылды Sputnik

Ведомство басшысының кеңесшісі Ерболат Мұхамеджан білім вице-министрі  Фатима Жақыпованың қызметінен босатылғанын хабарлады. Ол бұл туралы өзінің Facebook-тегі парақшасында жазған.

"Білім және ғылым вице-министрі Жақыпова басқа қызметке ауысуына байланысты қызметінен босатылды. Қазіргі уақытта осы лауазымды тұлға басқа жұмысқа ауысуына байланысты заңнамаға сәйкес атқарып отырған қызметінен босату бойынша келісу рәсімі жүргізілуде", - деп жазды ол.

Еске сала кетсек, 7 қараша күні сенат депутаты Еділ Мамытбеков плагиат дауына байланысты  Білім және ғылым вице-министрі Фатима Жақыпованы отставкаға жіберуді талап еткен болатын.

Сенатор бір айдан астам уақыт бойы отандық БАҚ пен шетелдік ұйымдар қазақстандық вице-министрдің плагиатын талқылап жатқанын алға тартты. Оның айтуынша, қазір әлемде мойындалған екі антиплагиаттық жүйе басқа біреудің ғылыми жұмысын пайдалану фактісін растап отыр.

Мамытбеков Үкімет басшысы Асқар Маминге жолдаған депутаттық сауалында ғылыми қоғам мен жоғары білім жүйесін өзге елдер алдында Қазақстанның беделін түсірген лауазымды тұлғаның масқарасынан құтқаруды талап етті.

Sputnik

Біздің Telegram каналына жазылып, соңғы ақпаратты оқыңыз. Егер хабарлама жолдағыңыз келсе, WhatsApp мессенжеріне жазыңыз.
Новости партнеров
След. →
Прямой эфир