Референдумға дейін:
15
күн
3
сағат
23
минут

Роза Рымбаева мен Тұрсынбек Макишев «Қазақстанның Еңбек Ері» атанды

Виктор Толочко
Виктор Толочко
Ұлттық мәдениетті дамытуға қосқан айрықша үлесі, ән өнерін насихаттаудағы ерекше еңбегі үшін
Жаңалықтармен бөлісіңіз

ҚР Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев мемлекеттік наградалар туралы Жарлыққа қол қойды, деп хабарлайды Ақорда.

Қазақстан Республикасының мемлекеттік наградаларымен наградтау туралы

ҚАУЛЫ ЕТЕМІН:

1.Ұлттық мәдениетті дамытуға қосқан айрықша үлесі, ән өнерін насихаттаудағы ерекше еңбегі үшін:

жоғары дәрежелі ерекшелік белгісі – «Қазақстанның Еңбек Ері» атағы беріліп, айрықша ерекшелік белгісі – Алтын жұлдыз бен «Отан» ордені тапсырылсын:

Рымбаева Роза Қуанышқызы - «Қазақконцерт» мемлекеттік концерттік ұйымы» РМҚК әртісі, Алматы қаласы.

2. Өндірістік қызметтегі ерекше еңбегі үшін:

жоғары дәрежелі ерекшелік белгісі – «Қазақстанның Еңбек Ері» атағы беріліп, айрықша ерекшелік белгісі – Алтын жұлдыз бен «Отан» ордені тапсырылсын:

Макишев Тұрсынбек Шамбулұлы «Қазақмыс корпорациясы» ЖШС филиалы – «Жезқазғантүстімет» ӨБ кен өндірістік кешенінің ұңғылаушысы, Қарағанды облысының Жезқазған қаласы.

3. Осы Жарлық қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.

Қазақстан Республикасының Президенті Қ.Тоқаев

Нұр-Сұлтан, Ақорда, 2019 жылғы 29 қараша

№ 207

Новости партнеров