Президент Қасым-Жомарт Тоқаев Қазақстан халқының және жеке өз атынан Қос киенің сақшысы Король Салман бен Әбделазиз Әл Саудты Сауд Арабиясының Ұлттық күнімен құттықтады, деп хабарлайды Аlmaty.tv тілшісі Аkorda.kz-ке сілтеме жасап.
- Бүгінде еліңіз – саяси тұрғыда іргесі берік, экономикасы тұрақты, Таяу Шығыстағы үлгі тұтар мемлекет, сондай-ақ халықаралық қауымдастықтың беделді мүшесі. Алдағы уақытта Сіздің басшылығыңызбен Корольдіктің дамуы баянды, мерейі әрқашан үстем болуына тілектеспін, – деп жазылған жеделхатта.
Мемлекет басшысы Сауд Арабиясы Қазақстанның Шығанақтағы сенімді серіктесі екенін атап өтіп, екі ел арасындағы дәстүрлі достық пен жоғары деңгейдегі саяси диалогқа негізделген қарым-қатынастар одан әрі нығая беретініне сенім білдірді.
Оқи отырыңыз: Таразда Қазақстан мен Қырғызстан Үкімет басшыларының кездесуі өтуде