|
12.06.2019 | 10:02
4971

Бүгін ҚР Президентін ұлықтау рәсімі өтеді

Инаугурация пройдет во Дворце независимости, ожидается, что церемония начнется в 10.30

Бүгін ҚР Президентін ұлықтау рәсімі өтеді МИА «Казинформ»

Бүгін Нұр-Сұлтан қаласында жаңадан сайланған ҚР Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевты ұлықтау рәсімі сағат 10.30-да өтеді, деп хабарлайды Аlmaty.tv тілшісі.

Айта кетейік, ҚР Орталық сайлау комиссиясының шығарған қорытындысына сәйкес, 9 маусымдағы кезектен тыс Президент сайлауда кандидат Қасым-Жомарт Тоқаев сайлаушылардың 70,96 процент дауысын (сайлаушылардың 6 539 715 дауысы) алып, жеңіске жеткен болатын. Осыған байланысты Орталық сайлау комиссиясы ҚР Президентінің ант беру күнін 12 маусымға белгілеу туралы арнайы қаулы қабылдады.  

Ұлықтау рәсімі барысында Орталық сайлау комиссиясы жаңа сайланған Президентке Қазақстан Республикасы Президентінің куәлігін тапсырады. Сонымен қатар, Президент рәсім барысында Қазақстан халқына ант береді. Ал, ант берген сәттен бастап жаңадан сайланған Президент ресми қызметiне кiрiсетін болады. 

Біздің Telegram каналына жазылып, соңғы ақпаратты оқыңыз. Егер хабарлама жолдағыңыз келсе, WhatsApp мессенжеріне жазыңыз.
Новости партнеров
След. →
Прямой эфир