ҚР СІМ Ресми өкілі А.С. Смадияров 2022 жылы атқарған қызметінің қорытындылары туралы брифинг өткізді, деп хабарлайды Almaty.tv тілшісі ҚР Сыртқы істер министрлігінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
Оның айтуынша, бүгінгі таңда біздің еліміз әлемнің 186 мемлекетімен дипломатиялық байланысқа ие, ал біздің дипломатиялық қатынастарымыздың географиясы 70 мемлекеттегі 104 шетелдік мекемені қамтиды.
"Жоғары саясат пен экономика мәселелеріне көшпес бұрын, Министрлік құрылымдық бөлімшелерінің біздің азаматтарымызбен жиі өзара іс-қимыл жасайтын консулдық қызмет желісі бойынша елеулі жетістіктерден бастағым келеді. 2022 жылы визасыз елдердің тізімі паспорттардың әртүрлі санаттары бойынша 80 мемлекетке дейін кеңейтілді, соның ішінде жалпы азаматтық паспорттар үшін 26 мемлекет. Паспорттардың әртүрлі санаттары бойынша 9 жаңа елмен өзара келісімдер жасалды: Мальдив аралдары, Андорра, Никарагуа, Венесуэла, Боливия, Парагвай, Доминикана, Албания және Белиз", – деді ҚР Сыртқы істер министрлігі.
Бұдан басқа, осы жылдың 12 қазанында Катармен дипломатиялық және арнайы паспорттардың иелері үшін визалардан өзара босату туралы үкіметаралық келісімге өзгерістер енгізу туралы хаттамаға қол қойылды, ол жалпы азаматтық паспорттардың иелерін визалық талаптардан босатады.