Мемлекет басшысы Рождество мерекесімен құттықтады
Президенттің айтуынша, бұл мейрам үміт пен қуаныш сыйлайды
Жаңалықтармен бөлісіңіз
Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың Рождество мерекесімен құттықтады, деп хабарлайды Almaty.tv тілшісі Ақордаға сілтеме жасап.
"Барша православ христиандарын Рождество мерекесімен шын жүректен құттықтаймын! Бұл мейрам үміт пен қуаныш сыйлайды, жақсылыққа және әділдікке шақырады. Басқа дәстүрлі діндер секілді христиан діні де мейірімділік, жанашырлық, сүйіспеншілік сияқты қастерлі құндылықтарды арқау еткен. Біздің қоғамымызда түрлі дінді ұстанатын, дүниетанымы әртүрлі жандарға адамгершілік жолын нұсқайтын жоғары гуманистік идеалдар берік орныққан. Православ діні қоғамымыздың ажырамас бөлігі ретінде жалпыұлттық бірлігімізді нығайтуға, мәдениеттер мен дәстүрлер әр алуандығын сақтауға ықпал етіп келеді. Халықтың ынтымақ-бірлігі және тілектестігі тұрақтылығымызды нығайтып, еліміздің өсіп-өркендеуіне және жан-жақты жаңғыру жолымен алға нық қадам басуына кепіл бола беретініне кәміл сенемін. Баршаңызға зор денсаулық, толағай табыс тілеймін! Әр шаңырақ бақ-берекеге кенелсін!", – деді Мемлекет басшысы.
Біздің Telegram каналымызға жазылыңыз, жаңа басылымдарды жіберіп алмау үшін
Көп оқылған
Қазақстандықтар қараша айында қалай демалады
01.11.2026 14:14
Алматыда 2-8 қараша аралығында ауа райы қандай болады
01.11.2026 09:15
Эмоцияңызды бақылауда ұстаңыз: 31 қазанға арналған жұлдыз-жорамал
31.10.2026 09:54
Суды дұрыс ішу ережелері қандай
01.11.2026 16:36
Қарашада қай жұлдыз белгілерінің қаржылық жағдайы жақсарады
01.11.2026 12:33