|
17.06.2020 | 14:28
5616

Мәжіліс төрағасы Нұрлан Нығматулин коронавирус жұқтырды

Мәжіліс төрағасы қашықтан жұмыс істеуін жалғастырып жатыр

Мәжіліс төрағасы Нұрлан Нығматулин коронавирус жұқтырды Фото: Мәжілістің баспасөз қызметі / пресс-служба Мажилиса

Парламент «Халық денсаулығы және денсаулық сақтау жүйесі туралы» кодексті қабылдап, Президентке жолдады, деп хабарлайды Almaty.tv тілшісі.

Бүгін Мәжілістің жалпы отырысында палата депутаттары Кодекс жобасына Сенат енгізген толықтыруларды енгізіп, ол бойынша келісімін берді.

Еске сала кетейік, биыл 11 маусымда сенаторлар тарапынан ұсынылған өзгерістер мен толықтырулар ескеріле отырып, құжат Мәжіліске қайтарылған еді.  

«Мемлекет басшысы Ұлттық қоғамдық сенім кеңесінің отырысында медицина қызметкерлерінің қылмыстық жауаптылығының орындылығына сыни тұрғыдан талдау жасауды тапсырды. Осыған орай Парламент Сенатының депутаттары «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне денсаулық сақтау мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» заң жобасына өзгерістер мен толықтырулар енгізді. Құқық бұзушылардың кейбір санаттары Қылмыстық кодекстен Әкімшілік құқық бұзушылық кодексіне көшірілді. Бұл өзгерістер мен толықтырулар Мәжіліс мақұлдаған заң жобасының тұжырымдамалық мәнін өзгертпейді», - деді ҚР Парламенті мәжілісінің депутаты Зәуреш АМАНЖОЛОВА.

Ал Мәжіліс төрағасы Нұрлан Нығматулиннің жалпы отырысқа қатыспағанын атап өту керек. Ол коронавирус жұқтырып, қазір өз-өзін оқшаулап, жұмысын қашықтан жалғастырып жатыр. Белгілі болғаны, Мәжіліс спикері карантиндік шараларды қатаң сақтап, жалпы отырыстарды қоспағанда ешкіммен тікелей байланыста болмаған. Тіпті әрбір жалпы отырыс сайын коронавирусқа тест тапсырған. Бірақ 9-ншы және 11-ншы маусымда індетті жұқтырған денсаулық сақтау министрі Елжан Біртановты қабылдаған. 16 маусымда Мәжіліс төрағасы кезекті тестілеу өткізіп, сынақ оң нәтиже көрсетіпті.  


Біздің Telegram каналына жазылып, соңғы ақпаратты оқыңыз. Егер хабарлама жолдағыңыз келсе, WhatsApp мессенжеріне жазыңыз.
Новости партнеров
След. →
Прямой эфир