Түркістан облысының әкімі Өмірзақ Шөкеев өңірдің құрылғанына бір жыл толуына арналған брифингте бірнеше ыңғайсыз сұраққа жауап берді, деп хабарлады Elitar.kz.
Атап айтқанда, ол туыстарын жұмысқа алады деп айыптайтындардың сөзін жоққа шығарды.
«Әлдекімдер мені жұмысқа туыстарын немесе таныстарын алады деп ойлайды. Шын мәнінде, олай емес. Оны тексеру оңай. Жұмысқа кімді алып жүргенімді сараптап көрсеңіз болғаны. Қайда жұмыс істесем де, Қостанайда болсын, Астанада немесе Шымкентте болсын, мен іскер жігіттерді таңдаймын. Әкімдердің өз командасы болуы тиіс, бірақ әр түрлі саладан жасақталуы керек», - деді Шөкеев.
Ол өз командасында ең алдымен талантты және іскер жастарды көргісі келетінін атап өтті. Айтуынша, ондай дарындарды өзінің іссапарлары кезінде табатын көрінеді.