9 маусымда өтетін президенттік сайлауға қатысты Сенат төрайымы Дариға Назарбаева әріптестеріне үндеу жасады. Оның айтуынша, кезектен тыс сайлау қоғамдағы көптеген түйіткілді мәселелерді шешуге жол ашпақ.
«Президенттік сайлау ел дамуына тың серпіліс, жаңа серпін беретіні сөзсіз. Президент жарлығы осы бағыттағы жұмыстарды қазірден бастап күрделі проблемаларды кейінге қалдырмай шұғыл шешуге мүмкіндік береді. Бұл шешімнің өз уақытында және орынды қабылданып отырғанына сенімдімін. Президент жарлығы қоғамда туындап отырған көптеген сұраққа жауап береді. Қазақстандықтар үшін ең қымбат құндылық – бейбітшілік пен тыныштық, экономикалық тұрақтылық. Сондықтан, Қазақстан қоғамы Елбасының стратегиялық бағытымен сабақтастығын заңды түрде қамтамасыз етуді күтуде», - деді ҚР Парламенті сенатының төрайымы Дариға НАЗАРБАЕВА.
Айта кетейік, Қазақстанда кезектен тыс президенттік сайлау биыл 9 маусым күні өтеді.