Қасым-Жомарт Тоқаев әлеуметтік қамтамасыз ету бойынша саясатты қайта ретке келтіру мәселесі тұрғанын айтты
kstnews.kz
Ел Президенті мемлекеттік атаулы көмек пен оны алу барысындағы тиісті талаптарды күшейтуді тапсырды
Жаңалықтармен бөлісіңіз
Бүгін 7-ші шақырылған Парламенттің 1-ші сессиясын ашқан ҚР Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев әлеуметтік қамтамасыз ету бойынша саясатты қайта ретке келтіру мәселесі тұрғанын айтты, деп хабарлайды Almaty.tv.
«Біздің алдымызда әлеуметтік қамтамасыз ету бойынша саясатты қайта ретке келтіру мәселесі тұр. Мейлінше осал топтағы азаматтарды қолдау мемлекеттің басымдығы болуы тиіс. Бұл ретте мемлекеттік атаулы көмек пен оны алу барысындағы тиісті талаптарды күшейту керек», – деді Қ. Тоқаев.
Осыған дейін Президент Үкіметтің отставкасына байланысты қаулыға қол қойғанын хабарлаған болатынбыз.
Біздің Telegram каналымызға жазылыңыз, жаңа басылымдарды жіберіп алмау үшін
Көп оқылған
2026 жылғы қазанда қазақстандықтар қалай демалады
20.10.2026 18:11
Алматыда 19-25 қазан аралығында ауа райы қандай болады
20.10.2026 08:10
Семсерлесушілеріміз Мароккодағы әлем Кубогында топ жарды
19.10.2026 08:40
Алматы пряниктен жасалған ертегі үйлер қаласына айналып келеді
20.10.2026 10:40