Парламент палаталарының бірлескен отырысы басталды

qazaqstan.tv
qazaqstan.tv
Бүгінгі отырыста «ҚР Тұңғыш Президенті – Елбасы туралы» Конституциялық заңның күшi жойылды деп тану туралы» Конституциялық заң жобасы қаралады
Жаңалықтармен бөлісіңіз

Бүгін елордада Парламент палаталарының бірлескен отырысы басталды, деп хабарлайды Almaty.tv тілшісі ҚазАқпаратқа сілтеме жасап.

11 қаңтар күні Мәжіліс төрағасы ҚР Парламенті палаталарының бірлескен отырысын шақыру туралы өкімге қол қойды.

Бүгінгі отырыста «ҚР Тұңғыш Президенті – Елбасы туралы» Конституциялық заңның күшi жойылды деп тану туралы» Конституциялық заң жобасы қаралады.

Ата заңға енгізілген түзетулерге сәйкес, Парламент Конституциялық заңдарды палаталардың бірлескен отырысында қабылдайды. Жаңа тәртіп бойынша палаталардың әрқайсысы бірлескен отырысқа дейін комиссияның құрамына енетін кандидатураларды айқындауы қажет.

Бұдан бұрын хабарланғандай, 11 қаңтар күні Мәжілістің жалпы отырысында «ҚР Тұңғыш Президенті - Елбасы туралы» Конституциялық заңның күшi жойылды деп тану туралы» Конституциялық заң жобасы бойынша бірлескен комиссияның құрамына енетін депутаттар іріктелді.

Бұл тұрғыда Мәжілістен Бекжанов Берік Айдарбекұлы, Ерубаев Серік Сәрсенұлы, Смайлов Ерлан Валерийұлы комиссия құрамына кірді.

Сонымен қатар, 12 қаңтарда Сенат депутаттары бірлескен комиссияның мүшелерін сайлады. Нәтижесінде сенаторлар Владимир Волков, Сұлтанбек Мәкежанов және Дүйсенғазы Мусин аталған комиссияның құрамына енді.

Новости партнеров