Сапарбек Тұяқбаев Алматы әкімінің орынбасары болып тағайындалды
Tengrinews.kz
Соңғы екі жылда «Kazakh Invest» ұлттық компаниясының Басқарма төрағасы қызметін атқарды
Жаңалықтармен бөлісіңіз
Ол енді алып шаһардың тұрғын үй саясаты, кәсіпкерлік, энергетика және экология мәселелеріне жауапты болады. Сондай-ақ, қаланы абаттандыру да Тұяқбаевтың құзырына қарайды, деп хабарлайды Almaty.tv тілшісі.
Торонто мен Таяу Шығыс техникалық университетін тәмамдаған 40 жастағы шенеунік бұған дейін түрлі лауазымды қызметтер атқарған. Атап айтқанда, 2012-2016 жылдары аралығында Оңтүстік Қазақстан облысы әкімінің орынбасары болды. 2016 жылы Инвестициялар және даму министрлігіне қарасты комитетті басқарды. Соңғы екі жылда «Kazakh Invest» ұлттық компаниясының Басқарма төрағасы қызметін атқарды.
Ал, бұған дейін Алматы әкімінің орынбасары болған Марат Сембеков басқа жұмысқа ауысуына байланысты қызметінен босатылды.
Біздің Telegram каналымызға жазылыңыз, жаңа басылымдарды жіберіп алмау үшін
Көп оқылған
Қазақстандықтар қараша айында қалай демалады
31.10.2026 14:34
Эмоцияңызды бақылауда ұстаңыз: 31 қазанға арналған жұлдыз-жорамал
31.10.2026 09:54
Алматыда 2-8 қараша аралығында ауа райы қандай болады
31.10.2026 09:50
Суық тигенде қандай қателіктерге жол бермеу керек
31.10.2026 10:36
Жалақы уақытында берілмесе қайда шағымдану керек
30.10.2026 20:31