Ақпарат және қоғамдық даму министрінің бұйрығымен Мадияр Дүйсенбайұлы Қожахмет Жастар және отбасы істері комитетінің төрағасы болып тағайындалды. Бұл туралы ҚР премьер-министрінің баспасөз қызметі хабарлайды.
М. Қожахмет 1984 жылы Қарағанды қаласында дүниеге келген. Л. Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университетін, «Болашақ» президенттік бағдарламасы бойынша Чехия қоғамдық ғылымдар университетін тәмамдаған.
2003-2008 жылдары - «Қазақстанның жастар конгресі» республикалық жастар ұйымында жұмыс істеді. Жобаларды үйлестірушіден бастап атқарушы директорға дейінгі еңбек жолынан өтті.
2008-2012 жылдары Білім және ғылым министрлігінің Жастар саясаты департаменті директорының орынбасары, директоры, Жастар ісі комитетінің төрағасының орынбасары болды.
2012-2014 жылдар аралығында ҚР Президент Әкімшілігінің Мемлекеттік бақылау және аумақтық-ұйымдастыру жұмысы бөлімінің инспекторы болып жұмыс істеді.
2014-2017 жылдар аралығында Солтүстік Қазақстан облысы әкімі аппаратының басшысы қызметін атқарған.
2017 жылғы қазаннан бастап қазіргі кезге дейін Солтүстік Қазақстан облысы әкімінің орынбасары лауазымын атқарды.