|
13.09.2022 | 15:50
3910

Қазақстанда «Тоқаевтың реформаларын қолдау қозғалысы» құрылды

Қозғалыс қатарына барлық ниет білдіргендер қосыла алады

Қазақстанда «Тоқаевтың реформаларын қолдау қозғалысы» құрылды www.inform.kz

Қазақстанда «Тоқаевтың реформаларын қолдау қозғалысы» құрылды. Бүгін бірлестік Алматыда өздерін таныстырып, алғаш рет баспасөз конференциясын өткізді, деп хабарлайды Almaty.tv.

Қоғамдық қозғалыс құру туралы бастаманы зиялы қауым, елге еңбегі сіңген ақын-жазушылар, мәдениет және спорт қайраткерлері көтерген. Басты мақсаты – Мемлекет басшысының реформаларын халыққа жеткізіп, оны ауызбіршілікпен бірігіп жүзеге асыру.    

«Қазақстанда жаңа саяси дәуір басталды. Бұл өзгерістерді халық көптен бері күтті. Елімізде саяси ауқымды реформалар іске асырып жатыр. Ол реформалар мақсатты түрде және мызғымас бағытта жүзеге асады деген сенімдеміз. Президентіміз халыққа сүйене отырып, ауқымды өзгерістерге бастама жасады. Барлық дүние қисынды деп ойлаймыз», – деді  Қазақстан жазушылар одағы төрағасының бірінші орынбасары Ақберен Елгезек

Жиналғандар қозғалыс қатарына барлық ниет білдіргендер қосыла алады деді. Осылайша бастамашылдар еліміздегі өзгерістерді жақтайтындармен бірігеміз деп отыр. Айта кетейік, бірлестіктің жұмысы бір күнмен шектелмейді. Қозғалыс ел президентінің ұсыныстарын барынша жүзеге асыруға ниетті.

«Біз қоғамдық құрып жатқан ұйым мақсаты – Президенттің еңбегін жұрттың бәріне жеткізу. Халық Президентті қолдайды  Мен оған сенемін. Халық қолдап отыр. Қолдау дұрыс деп есептеймін. Өйткені, халық қолдамаса Президенттің еңбегі еш кетеді», – деді  «Жұлдыз» журналының бас редакторы Мереке Құлкенов.

Біздің Telegram каналына жазылып, соңғы ақпаратты оқыңыз. Егер хабарлама жолдағыңыз келсе, WhatsApp мессенжеріне жазыңыз.
Новости партнеров
След. →
Прямой эфир