Гүлшара Әбдіқалықова Мәжілістің Әлеуметтік-мәдени даму комитетінің төрайымы болып тағайындалды

Гүлшара Әбдіқалықова Мәжілістің Әлеуметтік-мәдени даму комитетінің төрайымы болып тағайындалды
Оның кандидатурасын ҚР Парламенті Мәжілісінің төрағасы Нұрлан Нығматулин ұсынды
Жаңалықтармен бөлісіңіз

Жуырда ғана мәжілістегі  жайлы орынға жайғасқан  әртіс Нұрлан Әлімжан  бүгін ант қабылдауға  келмеді. Өзге әріптестері секілді айына жеті жүз мың теңгедей  жалақы алатын әртіс Мәжілістегі маңызды талқылаулардан да, еларалық заңды қабылдаған  отырыстан да қалыс қалды.  Ал Қазақстан Парламенті Мәжілісінің төрағасы Нұрлан Нығматулин болса елге қажетті заңдарды қабылдап, Президенттің тапсырмасын абыроймен атқару үшін әрбір депутат  іске белсене  кірісу қажеттігін  айтты, деп хабарлайды

Отырысты ашқан Мәжіліс спикері Нұрлан Нығматулин, ең алдымен Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың халыққа Жолдауына қатысты пікір білдірді. Айтуынша, Президент өз үндеуінде Елбасымыз Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаевтың саясатын жалғастыра отырып, Қазақстанымызды одан әрі дамытудың негізгі мақсаттарын  айқындап берді. Ал олардың барлығын заң жағынан қолдау үшін депутаттық корпустың алдында жауапты міндеттер тұр, - деді Нұрлан Нығматулин.

«Халыққа қажетті, сапалы заңдар қабылдайтын боламыз. Сондықтан бүгінннен бастап осы жауапты міндетті абыроймен атқару үшін белсене іске кірісуіміз қажет», – деді ҚР Парламенті Мәжілісінің төрағасы Нұрлан НЫҒМАТУЛИН.

Нұрлан Нығматулиннің айтуынша, басты ден әсіресе, экономиканы жаңғыртуға әлеуметтік ахуалды күшейтуге, бюджет пен салық жүйесін жетілдіруге қойылады. Бұдан бөлек, шағын және орта бизнесті қолдауға, экологиялық мәселелерге, азаматтардың құқықтары мен бостандықтарын қорғауға да ерекше көңіл бөлінбек.

«Заңнамаға әйелдерге көрсетілетін зорлық-зомбылық, педофилия, есірткі тасымалы, адам саудасы, браконьерлікке қарсы заңды күшейту бойынша өзгерістер енгізу қажет», – деді деді ҚР Парламенті Мәжілісінің төрағасы Нұрлан НЫҒМАТУЛИН.

Қылмыстық жолмен алынған кірістер мен терроризмді қаржыландыруға қарсы заң әзірленеді. Бұл туралы пленарлық отырыста Қаржы және бюджет комитетінің төрайымы Гүлжан Қарағұсова айтты.

«Қолданыстағы заңнамада бар құқықтық олқылықтарды жоюға, сондай-ақ қылмыстық жолмен алынған кірістерді заңдастыруға және терроризмді қаржыландыруға қарсы іс-қимыл саласында заңнаманы халықаралық стандартқа сәйкестендіруге бағытталған. Қаржы және бюджет комитеті осы заң жобасы бойынша 2020 жылы 22 сәуірге дейінгі мерзімде қорытынды әзірлеуге дайынбыз. Қолдауларыңызды сұраймыз», – деді ҚР Парламенті Мәжілісі қаржы және бюджет комитетінің төрайымы Гүлжан ҚАРАҒҰСОВА.

Қазақстан және Армения азаматтық қорғаныс пен төтенше жағдай саласында бір-біріне көмектесуге уағдаласты. Қос елдің арасындағы келісімді ратификациялау туралы еліміздің ішкі істер министрі Ерлан Тұрғымбаев мәлімдеді. Ынтымақтастық арқасында жедел әрекет ету, құтқару бөлімшелерінің шекараны жеңілдетіп кесіп өтуге мүмкіндік бар. Төтенше жағдайды жоюда да құтқару құралдарын алып кіру мәселесі реттелген.

«Келісімді ратификациялау ең алдымен төтенше жағдайды болжау саласында тәжірибе алмасуға, қауіп төнген және туындаған жағдайда халықты дайындау. Екінші, тараптардың оқу орындарында азаматтық қорғау саласында мамандарды оқыту. Үшінші, тараптар аумағында болған төтенше жағдайларды жоюда көмек көрсетуге мүмкіндік береді», – деді ҚР Ішкі істер министрі Ерлан ТҰРҒЫМБАЕВ.

Пленарлық отырыста 2020-2022 жылдарға арналған бюджетті депутаттар биылғы жылдың қарашасына дейін талқылайтыны мәлім болды. 

Келер жылы республикалық бюджет түсімдерінің жалпы көлемі 11 триллион теңгені құрайды. 2021 жылы 12, ал 2022 жылы 12,7 триллион теңге болады деп күтілуде. Қаражаттың басым бөлігі ауылдарға су және газ тарту жұмыстарына, жастар мен көпбалалы отбасыларды баспанамен қамтуға да бағытталады. Жиында Отырыста Гүлшара Әбдіқалықова әлеуметтік-мәдени даму комитетінің төрағасы болып тағайындалды. Ал Нұржан Әшімбетов аграрлық мәселелер комитетіне, Жұлдыз Омарбекова заңңама және құқық комитетінің құрамына өтті.

Новости партнеров