|
27.02.2019 | 11:27
6699

Нұрсұлтан Назарбаевтың төрағалығымен «Нұр Отан» съезі басталды

Проведение Съезда приурочено к 20-летию партии

Нұрсұлтан Назарбаевтың төрағалығымен «Нұр Отан» съезі басталды Bnews.kz

Елордадағы Тәуелсіздік сарайында Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевтың төрағалығымен «Нұр Отан» партиясының кезекті XVIII съезі жұмысын бастады, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Съезд күн тәртібінде бірнеше мәселені қарастыру көзделген. Атап айтқанда, алдымен «Нұр Отан» партиясының 2030 жылға дейінгі бағдарламасы туралы мәселе қозғалады. Одан кейін партияның Жарғысына өзгерістер мен толықтырулар қарастырылып, партия Саяси кеңесінің жəне Орталық бақылау-тексеру комиссиясының есепті кезең бойынша жұмысының қорытындылары шығарылады.

Сонымен қатар партия Саяси кеңесінің жəне Орталық бақылау-тексеру комиссиясының мүшелері сайланатын болады. Съезд жұмысына 2 мыңға жуық адам қатысуда. Олардың 1200-і  еліміздің барлық өңірлерінен келген делегаттар, ал қалған 800-ге жуығы қонақтар.

Айта кетейік, таяуда ҚР Президенті Нұрсұлтан Назарбаев «Нұр Отан» партиясының жақында өтетін съезінде әлеуметтік қолдауды күшейтуге және азаматтардың тұрмыс сапасын арттыруға арналған бірқатар шаралар ұсынатындығын айтқан болатын. Оған бюджеттен және Ұлттық қордан қомақты қаржы бөлінбек.

Аталған қаражат аз қамтылған азаматтарға әлеуметтік қолдау көрсету ісін күшейтуге, халықтың әлеуметтік тұрғыдан әлсіз топтарының баспана жағдайын жақсарту мүмкіндіктерін арттыруға, өңірлерді дамыту саясатын түбегейлі өзгертуге жұмсалады.

«Үкімет пен барлық деңгейдегі әкімдердің жұмысы осы міндеттерді жүзеге асыруға бағытталуы тиіс. Үкімет пен өңірлердің иелігіндегі қаражат көзделген мақсатқа сай жұмсалмай отыр. Мұның бәріне бақылау орнатылады. Осы бағыттар жөнінде «Нұр Отан» партиясының съезінде толығырақ айтылатын болады», - деген еді Елбасы.





Біздің Telegram каналына жазылып, соңғы ақпаратты оқыңыз. Егер хабарлама жолдағыңыз келсе, WhatsApp мессенжеріне жазыңыз.

MAQALADA

съезд
Новости партнеров
След. →
Прямой эфир