Қазақстан Республикасы Премьер-министрінің орынбасары – Қаржы министрі Ерұлан Жамаубаев Мәжілістің жалпы отырысында қазақ-өзбек шекарасы арқылы өтетін энергия ресурстарын бақыланатын заң жобасын таныстырды, деп хабарлайды Almaty.tv сайты Azattyq Ruhy-на сілтеме жасап.
«Келісімде Қазақстан-Өзбекстан кедендік шекарасы арқылы құбыр жол көлігі мен электр беру желілері арқылы өткізілетін энергия желілеріне бірлескен кедендік ұйымдастыру көзделеді. Бұл тараптардың кеден органдары балансына есепке алу аспаптары тұрған ведомстволары өкілдерімен бірлесіп, есепке алу аспаптарынан көрсеткіштерді алу кезінде ай сайынғы іс-шараларды жүргізу. Келісімде энергия ресурстарын кедендік декларациялау мен кедендік бақылау мәселелерінде тәжірибе туралы анықталған фактілері және мемлекеттің кеден істері ұлттық заңнамасындағы олардың жолын кесу туралы ақпаратпен алмасу қарастырылған», - деді Жамаубаев.
Заңды талқылау барысында Ерлан Саиров осындай әрбір келісім Қазақстанның ұлттық мүддесі тұрғысынан жасалуы керек екенін айтты.
«Осы қаралып отырған келісімде контрабанданың жолын кесуде және кедендік заңды бұзуды болдырмауға арналған қандай нақты шаралар бар. Қазақстан мен Өзбекстан арасында есептеу аспаптары көрсеткіштері сәйкес келмегенде қандай рәсімдер көзделген», - деді ол.
Жамаубаев келісімде энергия ресурстарын кедендік декларациялау және кедендік бақылау мәселелеріндегі өз қызметінің тәжірибесі туралы, анықталған фактілер және мемлекеттердің кеден істер саласындағы ұлттық заңнамасынан заңбұзушылықтың анықталған фактілері және анықтау тәсілдері мен олардың жолын кесу туралы ақпаратпен алмасу көзделетінін айтты.
Мәжіліс депутаттары дауыс беру арқылы «Қазақстан Республикасының Үкіметі мен Өзбекстан Республикасының Үкіметі арасындағы Қазақстан-Өзбекстан кедендік шекарасы арқылы құбыржол көлігімен және электр беру желілері бойынша энергия ресурстарын өткізу кезіндегі бірлескен кедендік бақылау туралы келісімді ратификациялау туралы» заңын қабылдады.