2020 жылға қарай мемлекеттік қызметкерлер 20 пайызға қысқарады

kapital.kz
kapital.kz
Тоқаевтың Қазақстан халқына тұңғыш Жолдауының ең маңызды тұстары
Жаңалықтармен бөлісіңіз

Қасым-Жомарт Тоқаев ҚР Президенті ретінде парламент палаталарының бірлескен ашық отырысында Қазақстан халқына тұңғыш рет Жолдау арнауда, деп хабарлайды Zakon.kz.


Мемлекет басшысының сөйлеген сөзінен маңызды тұстарын ұсынамыз.

Қасым-Жомарт Тоқаев жаңа парламенттік маусымның басталуымен құттықтады. Президент ҚР тарихындағы жаңа кезең жақындап келе жатқанын, жақын арада ҚР Тәуелсіздігіне 30 жыл толатынына назар аударды.


«Күшті президент, ықпалды парламент, есеп беретін үкімет – бұған әлі қол жеткізген жоқпыз, бірақ осы мақсат жолында біз тез қарқынмен жүруіміз керек. Біздің ортақ міндетіміз – адамдардың барлық сұраныстарына тез жауап беретін «еститін» мемлекет тұжырымын жүзеге асыру», - деді Президент.


Сондай-ақ Қасым-Жомарт Тоқаев халықпен тиімді кері байланыс орната білу, адамдардың зәру мәселесін шешуге жедел ден қоюдың мемлекеттік органдар жұмысындағы басты бағыт екеніне ерекше тоқталды.


«Әділетсіздікке ұшырағандардың қайта-қайта шағымдануы мемлекеттік органдарда жүйелі проблемалардың орын алуда екенін танытады. Мемлекеттік органдарға мықты даярланған жас кадрларды тарту қажет. Сонымен бірге, біз мемлекеттік қызметкерлер санын қысқартатын боламыз, ал одан артылған ақшаны қызметтегі мемлекеттік қызметкерлердің жалақасын өсіруге бағыттаймыз. 2020 жылға қарай мемлекеттік қызметкерлердің санын 20 процентке қысқарту керек», - деді Қ.Тоқаев.



Новости партнеров