Руслан Бекетаев ҚР қаржы вице-министрі қызметінен босатылды

Фото. ашық дереккөзден
Фото. ашық дереккөзден
Руслан Бекетаев 1975 жылы Оңтүстік Қазақстан облысында туған
Жаңалықтармен бөлісіңіз

ҚР Үкіметінің Қаулысымен Руслан Бақытжанұлы Бекетаев басқа жұмысқа ауысуына байланысты Қазақстан Республикасының қаржы вице-министрі қызметінен босатылды, деп хабарлайды Almaty.tv тілшісі primeminister.kz-ке сілтеме жасап.

Руслан Бекетаев 1975 жылы Оңтүстік Қазақстан облысында туған. 

1996 жылы Қазақ ұлттық аграрлық университетін экономист–бухгалтер мамандығы бойынша бітірген. 

2009-2011 аралығында Ұлыбританиядағы Бристоль университетінде «Экономика, қаржы және менеджмент» мамандығы бойынша диплом алған. 

2010-2011 жылдары Ұлыбританиядағы Оксфорд университеті, Said атындағы Бизнес мектебінде білімін шыңдаған. 

2012 – 2014 жылдары Қазақ гуманитарлық заң университетінде «Құқықтану» мамандығы бойынша білім алған. 

2017 – 2019 жылдары Лондон Университетінің Imperial College Бизнес мектебін бітірген. Executive MBA (жетекшілерге арналған бизнес-әкімшілендіру магистрі). ҚР Қаржы полициясы агенттігі Төрағасының құрмет грамотасымен – 2007 жылы, «Ерен еңбегі үшін» медалімен – 2008 жылы, «Қаржы қызметінің үздігі» төсбелгісімен – 2011 жылы, «Құрмет» орденімен – 2015 жылы марапатталған.

Новости партнеров