Қазақстан мен Конго қорғаныс секторында ынтымақтасуға ниетті

akorda.kz
akorda.kz
Бұл туралы Ақордада Өнеркәсіп және құрылыс министрі Қанат Шарлапаев айтты
Жаңалықтармен бөлісіңіз

Қазақстан мен Конго әскери-өнеркәсіп кешені мен қорғаныс секторында ынтымақтастық орнатуға ниетті, деп хабарлайды Аlmaty.tv тілшісі Аkorda.kz-ке сілтеме жасап. 

Ақордада Өнеркәсіп және құрылыс министрі Қанат Шарлапаев айтты.

Оның атап өтуінше, Конго Республикасының Президенті Дени Сассу-Нгессоны Қазақстанға ресми сапары аясында сауытты машиналар жасайтын отандық зауытқа барады.

- Бұл - барынша алдыңғы қатарлы өндіріс ошағы. Әрине, біз әскери-өнеркәсіп кешені мен қорғаныс секторындағы кооперацияны үнемі қолдаймыз. Сондықтан да осы мақсатта аталған кәсіпорынды және Қазақстанның әскери-өнеркәсіп кешені жұмысындағы мүмкіндіктерін көрсетеміз, - деді Қанат Шарлапаев.

Айта кетейік, бүгін Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Астанаға ресми сапармен келген Конго Республикасының Президенті Дени Сассу-Нгессоны Ақордада қарсы алды.

Оқи отырыңыз: Мемлекет басшысы Бельгия королін құттықтады

Новости партнеров