Алматы облысы, Жамбыл ауданы Үлкен ауылында АЭС салу жоспары бойынша ашық тыңдау өтіп жатыр, деп хабарлайды Almaty.tv тілшісі inform.kz-ке сілтеме жасап.
Ашық тыңдау шарасына ҚР Энергетика министрлігінің өкілдері, Ұлттық ядролық орталық және Қазақстан атом электр станциялары» мамандары, Алматы облысының атқарушы органдарының өкілдері мен депутаттар қатысуда.
Еске салсақ, бұған дейін ҚР Энергетика министрлігіне Қазақстандағы алғашқы атом электр станциясы Алматы облысында салынатыны туралы хабарлаған болатын.
Мемлекет басшысының Қазақстанда атом энергетикасын дамыту мүмкіндігін зерделеу жөніндегі тапсырмасын орындау мақсатында реакторлық технологияларды таңдап, бұрын жүргізілген зерттеулерді өзектендіру, атом электр станциясының қуаты мен құрылыс ауданын анықтау бойынша жұмыстар жүргізілді.
Жүргізілген зерттеулердің қорытындысына сәйкес атом электр станциясы құрылысының ең қолайлы ауданы ретінде Алматы облысы, Жамбыл ауданы Үлкен ауылының аумағы таңдалды.
Елдегі алғашқы атом электр станциясы құрылысына осы салада тәжірибесі тексерілген технологияны пайдаланып отырған бірнеше компания тізімі ұсынылды. Олар: HPR-1000 қытайлық CNNC компаниясы, APR-1400 реакторы бар корей KHNP компаниясы, ВВЭР-1200 және ВВЭР-1000 реакторлары бар Ресей Росатом компаниясы, EPR-1200 реакторы бар француз EDF компаниясы», - делінген хабарламада.
Оқи отырыңыз: Алматыда техникалық байқау станцияларының жауапкершілігін күшейту ұсынылады