|
26.02.2021 | 13:27
11950

Артур Платонов Nur Otan партиясы бақылау комитетінің төрағасы болды

Ол «Портрет недели» бағдарламасының авторы ретінде халық арасында танымал

Артур Платонов Nur Otan партиясы бақылау комитетінің төрағасы болды Фото: ашық дереккөзден алынды

Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевтың қаулысымен Nur Otan партиясы бақылау комитетінің төрағасы болып Қазақстан Азаматтық альянсының вице-президенті, ҚР Парламенті Мәжілісінің депутаты Артур Платонов тағайындалды, деп хабарлайды Almaty.tv тілшісі Tengrinews.kz сайтына сілтеме жасап.

«Партия Көшбасшысы Нұрсұлтан Назарбаевтың қаулысымен Nur Otan партиялық бақылау комитетінің төрағасы болып Артур Платонов тағайындалды. Артур Станиславович қоғамдық және партиялық жұмысының үлкен тәжірибесі комитет қызметін күшейтуге ықпал ететініне сенімдімін», – деп жазды Бауыржан Байбек Twitter-парақшасында.


Артур Платонов 2016 жылғы наурызынан бастап Мәжіліс депутаты болып қызмет атқарған. Халықаралық істер, қорғаныс және қауіпсіздік комитетінің мүшесі.


Біздің Telegram каналына жазылып, соңғы ақпаратты оқыңыз. Егер хабарлама жолдағыңыз келсе, WhatsApp мессенжеріне жазыңыз.
Новости партнеров
След. →
Прямой эфир