|
28.09.2022 | 12:09
703

Жазып берген анықтаманы оқудың қажеті жоқ: Мәжіліс төрағасы Үкімет мүшелеріне ескерту жасады

Ерлан Қошанов Мәжіліске дайындықсыз келген министрлік өкілдерін сынады

Жазып берген анықтаманы оқудың қажеті жоқ: Мәжіліс төрағасы Үкімет мүшелеріне ескерту жасады inform.kz

Мәжіліс төрағасы Ерлан Қошанов депутаттардың сұрағына нақты жауап бере алмаған министрлік өкілдеріне ескерту жасады, деп хабарлайды Almaty.tv тілшісі.

Бүгін Мәжіліс отырысында «Қазақстанның кейбір заңнамалық актілеріне Мемлекет басшысының жекелеген тапсырмаларын іске асыру мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» заңының жобасы қаралды. Құжатты Ұлттық экономика министрі Әлібек Қуантыров таныстырды.

Заң жобасы «Самұрық-Қазына» қорының мемлекеттік сатып алу және сату тәртібін қайта қарауды, жанар-жағармай саласын реформалау, әлеуметтік маңызы бар азық-түлік тауарларының бағасын бақылауда ұстауды, тауарлық газды бөлек есепке алуды жүргізу және тағы басқа мәселелерді шешуді көздейді.

Отырыста депутаттар министрлік өкілдеріне көптеген сұрақ қойды. Алайда кейбірі сұраққа нақты жауап бере алған жоқ.

"Мен кейбір министрліктердің өкілдеріне ескерту жасаймын. Пленарлық отырысқа дайындалып келу керек. Қол астыңыздағы адамдардың жазып берген анықтамасын бұл жерде оқудың қажеті жоқ. Мұндағы барлық сұрақ жұмыс тобында және комитет отырысында талқыланды. Енді оны мұнда келгенде 5 саусағыңыздай біліп тұруыңыз керек қой. Мен Парламенттегі Үкіметтің өкіліне осы ескертуді айтамын. Премьер-министрге жеткізіңіз", - деді Мәжіліс төрағасы Ерлан Қошанов.

Біздің Telegram каналына жазылып, соңғы ақпаратты оқыңыз. Егер хабарлама жолдағыңыз келсе, WhatsApp мессенжеріне жазыңыз.
Новости партнеров
След. →
Прямой эфир