Қасым-Жомарт Тоқаев АҚШ-қа жұмыс сапарымен барады
Depositphotos
Жаңалықтармен бөлісіңіз
Президент Қасым-Жомарт Тоқаев Нью-Йоркке жұмыс сапарымен барады, деп хабарлайды Almaty.tv тілшісі Ақордаға сілтеме жасап.
«Мемлекет басшысы сапарының бағдарламасы тығыз. Президент БҰҰ Бас Ассамблеясының 77-сессиясының Жалпы дебатына қатысады. Сонымен қатар Қасым-Жомарт Тоқаев мемлекеттер мен халықаралық ұйымдардың басшыларымен, АҚШ-тың ірі қаржы институттарының және трансұлттық компаниялардың жетекшілерімен, сарапшылар тобының өкілдерімен бірқатар екіжақты кездесу өткізеді деп жоспарланып отыр», - делінген Ақорда хабарламасында.
Біздің Telegram каналымызға жазылыңыз, жаңа басылымдарды жіберіп алмау үшін
Көп оқылған
Қазақстандықтар қараша айында қалай демалады
17.11.2026 17:40
Қысқы күн тоқырауы: ғалымдар 2026 жылдың ең қысқа күнін атады
18.11.2026 12:55
Алматыда 16-22 қараша аралығында ауа райы қандай болады
18.11.2026 08:13
Қысқы жолда қандай шинамен жүрген дұрыс
17.11.2026 09:40