|
31.01.2019 | 12:12
3148

Тоқаев Перуашевтің Қазақстан атауын өзгерту туралы ұсынысына пікір білдірді

Нет никакого смысла и никакого основания переименовывать Казахстан. У нас других проблем много - Токаев

Тоқаев Перуашевтің Қазақстан атауын өзгерту туралы ұсынысына пікір білдірді Tengrinews.kz

Сенат төрағасы Қасым-Жомарт Тоқаев Мәжіліс депутаты Азат Перуашевтің Қазақстан атауын өзгерту туралы ұсынысына пікір білдірді, деп хабарлайды Tengrinews.kz.

«Бізде «Қазақстан» деген сөз бар. Соның өзі жетеді. Солай қала беруі керек - Қазақстан Республикасы. Президент Қазақстан Республикасы атынан көптеген халықаралық шартқа қол қойған болатын. Қазақстан атауын өзгертуге ешқандай негіз жоқ, өзгертудің мәні де жоқ. Басқа проблемалар жетеді», - деді сенатор журналистердің сұрақтарына жауап бере отырып.


Еске салайық, таяуда Мәжіліс депутаты Азат Перуашев Қазақстан атауын өзгертуді ұсынған болатын.


«Қазақстан атауын қолдану барысында елімізге ресми түрде Қазақ Республикасы атауы берілуі мәселесіне қайта оралуды ұсынамыз. Бұл бастаманы Нұрсұлтан Назарбаев бес жыл бұрын көтерген еді. Елбасының ұсынысын практикалық түрде жүзеге асыруға уақыт келді деп санаймыз. Әр затты өз атауымен атаған жөн, қараны - қара, ақты - ақ, қазақты – қазақ», - деген еді Перуашев.


Біздің Telegram каналына жазылып, соңғы ақпаратты оқыңыз. Егер хабарлама жолдағыңыз келсе, WhatsApp мессенжеріне жазыңыз.
Новости партнеров
След. →
Прямой эфир