Алматыда жауған жауынның арты көктайғаққа ұласты
Жол бойындағы тротуарлармен жүру қиындай түсті
Жаңалықтармен бөлісіңіз
Алматы қалалық Жасыл экономика басқармасы көктайғаққа байланысты жүргізушілерге жеке көлігін пайдаланбауға кеңес берді, деп хабарлайды ҚазАқпарат.
Алматыда таңғы сағат 7-ден себелеп жауған жауын түске таман қатқаққа айналып, көктайғаққа ұласты. Ал таулы аймақта қар жауып жатыр. Жол бойындағы тротуарлармен жүру қиындай түсті.
«Автомобиль иелеріне жеке көліктерін үйлеріне қалдырып, қоғамдық көлікке отыруға кеңес берілді. Қажеттілік туған жағдайда жылдамдықты азайтуды ұмытпауды ескертеміз»,- деді басқармадан.
Төтенше жағдайға байланысты қалалық коммуналдық қызметтер тəулік бойы кезекшілік ұйымдастырды.
Біздің Telegram каналымызға жазылыңыз, жаңа басылымдарды жіберіп алмау үшін
Көп оқылған
Қазақстандықтар қараша айында қалай демалады
01.11.2026 14:14
Алматыда 2-8 қараша аралығында ауа райы қандай болады
01.11.2026 09:15
Эмоцияңызды бақылауда ұстаңыз: 31 қазанға арналған жұлдыз-жорамал
31.10.2026 09:54
Суды дұрыс ішу ережелері қандай
01.11.2026 16:36
Қарашада қай жұлдыз белгілерінің қаржылық жағдайы жақсарады
01.11.2026 12:33