|
25.11.2023 | 12:15
719

Аида Балаева: Қазақстанда әйелге зорлық-зомбылық қылмыстар жантүршігерлік сипат алуда

Зорлық-зомбылыққа қарсы халықаралық күрес күні

Аида Балаева: Қазақстанда әйелге зорлық-зомбылық қылмыстар жантүршігерлік сипат алуда Сурет: primeminister.kz

Бүгін - зорлық-зомбылыққа қарсы халықаралық күрес күні. Айтулы күнде ҚР Мәдениет және ақпарат министрі Айда Балаева мәлімдеме жасады, деп хабарлайды Аlmaty.tv тілшісі zakon.kz-ке сілтеме жасап .

 - Бүгін - әйелдерге қатысты зорлық-зомбылыққа қарсы халықаралық күрес күні. Бұл дата біздің еліміз үшін несімен маңызды, мәні неде, тәлімі қандай? Бұл сұрақтарға жауап қоғамның өзінде жатыр. Өкінішке қарай, әйел затына жасалған зорлық-зомбылық қылмыстар жантүршігерлік сипат алуда. Ең сорақысы, қоғамның бір бөлігінің осындай зомбылыққа еті үйреніп, тұрмыстық әдетке ысыра салуға бейім тұр. Ал осы күні таяқ пен қорлықтан, психологиялық, жыныстық, тіпті экономикалық тұрғыдан зардап шегіп, өмірін өксікке толтырған мыңдаған әйел кейбіреулер үшін тілсіз статистика, - дейді Аида Балаева.

Айта кетсек 15 қарашада Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев құқық қорғау органдары басшыларымен кеңес өткізді. Президент жиында:

  - Елімізде тұрмыстық зорлық-зомбылық, вандализм, дөрекілік және бұзақылық сияқты заң мен тәртіп бұзушылықтың кез келген түріне мүлде төзбейтін әрі оны қатаң айыптайтын жағдай қалыптастыру қажет. Әйелдер мен балаларға зорлық-зомбылық көрсету фактілерінің батыл түрде жолын кесу керек, - деді Аида Балаева.

Оқи отырыңыз: Шымкентте бір-бірімен жарысқан қоғамдық көліктер жол апатына ұшырады

Біздің Telegram каналына жазылып, соңғы ақпаратты оқыңыз. Егер хабарлама жолдағыңыз келсе, WhatsApp мессенжеріне жазыңыз.
Новости партнеров
След. →
Прямой эфир