Асқар Мамин тарихи орындарды қалпына келтіру жұмыстарымен танысты

otyrar.kz
otyrar.kz
Жаңалықтармен бөлісіңіз

Бүгін ҚР Премьер-министрі Асқар Мамин жұмыс сапарымен Түркістан облысына келіп, облыс орталығындағы құрылыс барысымен танысты. ҚР Тұңғыш Президенті - Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевтың облыс орталығын дамыту және 2019-2021 жылдарға арналған Түркістан қаласын дамытудың кешенді жоспарының орындалу барысын тексерді, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Мемлекет Басшысы қаланың әкімшілік-іскерлік орталығында бой көтеріп жатқан облыс әкімдігі, басқармалар және департаменттер ғимараттары, Медиа-орталық пен Конгресс-Холлдың құрылысы салынып жатқан алаңдарды қарап шықты. Қаланы дамытудың басым бағыттары әлеуметтік нысандар қатарына орталық стадион мен оқушылар сарайы және ХҚО кіреді. Жаңадан салынып жатқан саз мектебінің құрылысы бойынша жобалар мен жүзу бассейні бар спорт сарайы және облыстық ғылыми-әмбебап кітапхана дайындық кезеңінде.

Бүгінде халықтың жайлы өмір сүруін қамтамасыз ету мақсатында өңірде абаттандыру және көріктендіру нысандары қолға алынған. Ол үшін Тұңғыш Президент саябағы, қалалық ойын-сауық паркі, музыкалық фонтан, амфитеатр және Арбат салынуда. Барлық құрылыс жұмыстары кесте бойынша жүргізіліп, уақытында аяқталады.  

Жұмыс сапары барысында Үкімет басшысы Асқар Мамин қаланы облыс орталығының кіреберіс қақпасымен байланысатын және 18 метрге дейін созылатын Б.Саттарханов даңғылының учаскесіне назар аударды.

Үкімет басшысы Түркістан қаласының айналасындағы «жасыл белдеуді» құру, суару жүйесін дамыту жұмыстарының барысымен танысты. «Арыс-Түркістан» арнасын қайта жаңғырту және «Машина» арнасының құрылысы қарастырылды. Жобаларды іске асыру суармалы су тапшылығын толығымен шешеді және ауыл шаруашылығы өндірісінің жылдық көлемін арттыруға мүмкіндік береді.

Жұмыс сапары барысында индустриалды аймақтың аумағын кеңейту және «TURKISTAN» арнайы экономикалық аймағын іске қосу бойынша жобалар ұсынылды. Инфрақұрылым жеке инвестициялар есебінен жүргізіледі деп күтілуде.  

Премьер-Министр Қожа Ахмет Ясауи мұражайының құрылыс алаңдарын, тарихи сәулет түрінде салынып жатқан Шығыс моншасын, туристік визит-орталығын аралады. Облыс әкімдігінде «Әзірет Сұлтан» мұражай-қорығының аумағын жақсарту және қалашықтағы тарихи орындарды қалпына келтіру жұмыстары таныстырылды.




Новости партнеров