Президент Әбдіжәміл Нұрпейісовке «Алтын жұлдыз» айрықша белгісін табыстады
Акорда
Қазақ әдебиетінің абызы ең жоғары мемлекеттік наградаға 95 жылдық мерейтойы қарсаңында ие болған еді
Жаңалықтармен бөлісіңіз
Атақты қаламгерді марапаттау рәсімі Президенттің Алматыдағы резиденциясында өтті. Айта кетейік, қазақ әдебиетінің абызы ең жоғары мемлекеттік наградаға 95 жылдық мерейтойы қарсаңында ие болған еді, деп хабарлайды Almaty.tv тілшісі.
Салтанатты кездесуде Президент еліміздің мақтанышына айналған алыптың ұлттық әдибетіміздің дамуына қосқан елеулі үлесін ерекше атап өтті.
Өз кезегінде, Әбдіжәміл Нұрпейісов президентке алғыс білдіріп, Тәуелсіз Қазақстанды өркендету жолындағы жұмысына табыс тіледі.
Естеріңізге салсақ, Мемлекет басшысы кеше Алматыға арнайы іс-сапармен келген болатын.
Біздің Telegram каналымызға жазылыңыз, жаңа басылымдарды жіберіп алмау үшін
Көп оқылған
Жақындарыңызға қамқор болыңыз: 24 қазанға арналған жұлдыз жорамал
24.10.2026 09:46
Алматыда 26 қазан - 1 қараша аралығында ауа райы қандай болады
24.10.2026 09:10
Қазақстандықтар қараша айында қалай демалады
24.10.2026 12:30
Күзде қандай аурулар жиі асқынады
24.10.2026 16:47
Баланың сабаққа зейінін арттыратын тағамдар аталды
24.10.2026 15:37