Елбасы Мәскеуде Ресей Президенті Владимир Путинмен кездесті

Елбасы Мәскеуде Ресей Президенті Владимир Путинмен кездесті
Назарбаев қос ел арасындағы қатынастар тату көршілік пен одақтастық қағидаттарына сәйкес дамып келе жатқанын айрықша айтты
Жаңалықтармен бөлісіңіз

Тараптар Еуразиялық экономикалық одақ аясындағы серіктестік мәселелерін талқылады, деп хабарлайды Almaty.tv тілшісі.

«Интеграциялық бірлестік жұмыс істеп жатыр және оның болашағы зор деп санаймын. Құрметті Төраға ретінде мен одақтың одан әрі дамуына өз үлесімді қосамын», – деді ҚР Тұңғыш Президенті - Елбасы Нұрсұлтан НАЗАРБАЕВ.

Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев қос ел арасындағы қатынастар тату көршілік пен одақтастық қағидаттарына сәйкес дамып келе жатқанын айрықша айтты. Бұдан бөлек, Нұрсұлтан Назарбаев пен Владимир Путин ғылым және білім саласындағы ынтымақтастық мәселелеріне де ерекше назар аударды. Өз кезегінде Владимир Путин Қазақстанның Тұңғыш Президентінің интеграциялық процестерді дамытуға және екі ел арасындағы стратегиялық серіктестікті нығайтуға қосқан үлесін ерекше атап өтті.

«Біз саяси диалогты жалғастырып келеміз. Президент Қасым-Жомарт Тоқаевпен үнемі кездесіп отырамыз. Біздің елдеріміздің үкіметтері қарқынды жұмыс істеуде. Өткен жылы екі ел арасындағы сауда 19,7 пайызға артып, 20 миллиард долларға дейін жетті. Бұл өте жақсы көрсеткіш», – деді Ресей Федерациясының президенті Владимир ПУТИН.

Новости партнеров