Анар Жаилғанова ҚР Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің төрағасы болып тағайындалды, деп хабарлайды Аlmaty.tv тілшісі.
Анар Жаилғанова Нұралықызы 1969 жылы 10 шілде Семей облысы Чарск ауданы Белтерек ауылында туған. 1986 жылы Белтерек ауылының орта мектебін медальмен тәмәмдап, осы жылы С.М. Киров атындағы Қазақ мемлекеттік университетінің заң факультетіне түсіп, 1991 жылы үздікпен аяқтады. 1999 жылғы желтоқсанда Қазақстан Республикасы Президенті Әкімшілігінің мемлекеттік-құқықтық бөлімінің аға сарапшысы лауазымына ауысты.
2000 жылғы қыркүйекте Қазақстан Республикасы Жоғарғы Соты Төрағасының кеңесшісі, 2004 жылғы желтоқсанда Қазақстан Республикасы Жоғарғы Сотының судьясы болып қызмет атқарды. 2008 жылы 13 наурызда Қазақстан Республикасы Парламент Сенатының Қаулысымен Қазақстан Республикасы Конституциялық Кеңесінің мүшесі болып тағайындалды.
2002 жылы «Қазақстан Республикасында сот қызметін ұйымдастыру-құқықтық қамтамасыз ету» тақырыбы бойынша кандидаттық диссертациясын қорғады.
Қазақстан Республикасы Президенті Жарлығымен 25.08.2005ж. №1633 «Қазақстан Рес-публикасы Конституциясына 10 жыл» мерекелік медалімен марапатталған.