|
01.09.2020 | 12:54
7383

Төтенше жағдайлар министрлігі қайта құрылатын болды

Ішкі істер министрлігінің құрылымын қайта қарау қажет

Төтенше жағдайлар министрлігі қайта құрылатын болды открытые источники

Ішкі істер министрлігінің құрылымын қайта қарау қажет. Бұл туралы Қасым-Жомарт Тоқаев Қазақстан халқына жариялаған Жолдауында айтты, деп хабарлайды Almaty.tv тілшісі zakon.kz-ке сілтеме жасап.

«Ішкі істер министрлігін қосалқы функциялардан босату қажет, бұл полиция қызметінің тиімділігін арттырады. Біздің табиғи және техногендік апаттар дәуіріне аяқ басқанымызды ескере отырып, мен Төтенше жағдайлар жөніндегі комитетті қайта құру қажет деп санаймын»,– деді Мемлекет басшысы.

Қазақстанда Төтенше жағдайлар министрлігі 2014 жылдың 6 тамызында таратылып, Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігінің қарамағына өтті. Соңғы рет Төтенше жағдайлар министрі Владимир Божко болған еді.

Біздің Telegram каналына жазылып, соңғы ақпаратты оқыңыз. Егер хабарлама жолдағыңыз келсе, WhatsApp мессенжеріне жазыңыз.
Новости партнеров
След. →
Прямой эфир