|
16.04.2021 | 12:59
7887

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы агенттіктің жаңа басшысы тағайындалды

Ол бас прокурордың орынбасары қызметінен босатылды

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы агенттіктің жаңа басшысы тағайындалды

Марат Ахметжанов Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызметтің төрағасы болып тағайындалды, деп хабарлайды Almaty.tv тілшісі Tengrinews.kz-ке сілтеме жасап.

«Марат Мұратұлы Ахметжанов Қазақстан Республикасының Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің (Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызметтің) төрағасы лауазымына тағайындалсын», – делінген қаулыда.

Ол бас прокурордың орынбасары қызметінен босатылды. Ал Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызметтің басшысы Алик Шпекбаев қызметінен кетті.


Марат Ахметжанов 1964 жылы 22 желтоқсанда дүниеге келген. Білімі жоғары, Е.А. Букетов атындағы Қарағанды мемлекеттік университетін бітірген. 

Сыныптық шені - 2-сыныпты мемлекеттік әділет кеңесшісі. «Құрмет» (2008) және ІІ дәрежелі «Даңқ» (2014) ордендерімен, «Қазақстан Республикасының Тәуелсіздігіне 10 жыл», «Қазақстан Конституциясына 10 жыл», «Астананың 10 жылдығы» мерейтойлық медальдарымен, сондай-ақ, Ресей Федерациясы Президентінің Жарлығымен «Ресей флотына 300 жыл» естелік медалі және «Адмирал Кузнецов» медальдарымен марапатталған. 

Үйленген, екі бала тәрбиелеп отыр. 

Мансабы: 1993-1996 жылдары–Бас прокуратура жанындағы Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес жөніндегі арнайы прокуратураның аса маңызды істер жөніндегі аға тергеушісі, Бас прокуратураның Аса қауіпті қылмыстарды тергеу басқармасы аймақтық тергеушілер бөлімінің бастығы. 

1996-1997 жылдары – Мемлекеттік тергеу комитетінің Аса қауіпті қылмыстарды тергеу басқармасының бөлім бастығы, Мемлекеттік тергеу комитетінің Әскери-тергеу департаменті тергеу басқармасының бастығы.

 1997-1998 жылдары – Ішкі істер министрлігінің Әскери-тергеу департаменті тергеу басқармасының бастығы. 

1998-2001 жылдары – Тергеу департаменті директорының орынбасарыжәнеӘділет министрлігінің Сот қаулыларын орындау комитеті төрағасының орынбасары. 

2001 жылы – Бас прокуратураның Тергеу және анықтау органдарындағы заңдылықты қадағалау департаментінің бастығы. 

2003-2006 жылдары – Павлодар облысының прокуроры. 

2006-2009 жылдары – Оңтүстік Қазақстан облысының прокуроры. 

2009-2012 жылдары – ҚР Бас прокуратурасы Құқықтық статистика және арнайы есепке алу жөніндегі комитетінің төрағасы. 

2012 жылы – ҚР Экономикалық қылмысқа және сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес агенттігі төрағасының орынбасары. 

2014-2016 жылдары – Атырау облысы Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл департаментінің басшысы, Атырау облысы Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл ұлттық бюро департаментінің басшысы.

 2016 жылдың 2 маусымынан бастап – Қазақстан Республикасы Бас Прокурорының орынбасары.


Біздің Telegram каналына жазылып, соңғы ақпаратты оқыңыз. Егер хабарлама жолдағыңыз келсе, WhatsApp мессенжеріне жазыңыз.
Новости партнеров
След. →
Прямой эфир