Еліміздің астанасында Нұр Отан партиясы Саяси кеңесінің кеңейтілген отырысына төрағалық етіп жатқан Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев дәл осылай деді. Шараға Үкімет мүшелері, партияның Мәжілістегі фракциясы, облыстардағы филиалдардың жетекшілері қатысуда, деп хабарлайды Almaty.tv тілшісі.
Күн тәртібіндегі өзекті мәселелердің бірі сайлау болды. Нұрсұлтан Назарбаев ел ішіндегі тәртіп бұзылуының салдарына тоқталды. Түрлі сыбыс шығарушыларға жауап ретінде барлық сайлаулар конституциялық мерзімде өтетінін айтып, бұл тақырыпты жабайық деді Тұңғыш Президент.
Бұдан бөлек, Елбасы «Nur Otan» партиясының белсенді мүшелерін іріктеуді жүктеді. Жүйелі түрде партиялық қайта өркендеуді ұсынды. Саяси кеңестің кеңейтілген отырысында, сондай-ақ, «Нұр Отан» фракциясының жетекшісі лауазымына Нұрлан Нығматулиннің кандидатурасы ұсынылғанын атап өту керек.