Қарағанды облысында әлеуметтік-экономикалық даму өсімі жалғаса ма

akorda.kz
akorda.kz
Мемлекет басшысына Ермағанбет Бөлекпаев есеп берді
Жаңалықтармен бөлісіңіз

Мемлекет басшысы Қарағанды облысының әкімі Ермағанбет Бөлекпаевты қабылдады, деп хабарлайды Аlmaty.tv тілшісі Аkorda.kz-ке сілтеме жасап. Қарағанды облысының 2023 жылғы әлеуметтік-экономикалық даму қорытындысы туралы есеп берілді.

Ермағанбет Бөлекпаевтың баяндамасынан: былтыр 11 айдың ішінде өңірдегі өнеркәсіп өнімінің көлемі 3,1 трлн. теңгені құраған;

негізгі капиталға салынған инвестиция 16,3 пайызға артып, 727 млрд. теңгеге жеткен;

өңдеу өнеркәсібі салаларында: машина жасау ісінде 45%, жеңіл өнеркәсіпте 23,9%, фармацевтикада 20% өсімге қол жеткізілген;

қағаз өнеркәсібінде, құрылыс индустриясы мен қара металлургияда өсім байқалады;

шағын және орта бизнес саласында 100 мыңнан астам компания қызмет етеді және бұл бағытта өңірдегі белсенді халықтың 45 пайызы жұмыс істейді;

кәсіпкерлер үшін бөлшек салықтың мөлшері 4%-дан 2%-ға дейін төмендеген. Биыл жалпы өңірлік өнімдегі шағын және орта бизнестің үлесін 19%-дан 25% арттыру жоспарланған;

экономиканың барлық саласында 25 мыңнан астам жұмыс орны ашылып, жұмыссыздық деңгейі 4,1%, кедейлік деңгейі 2,7% дейін төмендеген;

халықтың нақты табысы 4,7% көбейген;

ауылдарда 92 денсаулық сақтау нысанының құрылысы, екі ауданаралық аурухананы жаңғырту жұмыстары басталған;

биыл «Жайлы мектеп» жобасы аясында өңірде 7100 орындық 10 мектеп пайдалануға берілмек.

Бұдан бөлек, Президентке жылыту маусымының барысы, Qarmet кәсіпорнындағы қазіргі жағдай туралы баяндалды. Мемлекет басшысына жаңа инвестордың өндірісті тұрақтандыру және оның көлемін арттыру бағытында қабылдап жатқан шаралары, сондай-ақ өндірісті жаңғырту және компания жұмысшыларының еңбек қауіпсіздігін қамтамасыз ету жоспары жөнінде мәлімет берілді.

Сонымен бірге Е.Бөлекпаев әлеуметтік саланың жай-күйі, «Ауыл – ел бесігі» және «Ауыл аманаты» жобаларының іске асырылуы туралы да баяндады.

Қасым-Жомарт Тоқаев облысты одан әрі дамыту және тұрғындардың әл-ауқатын жақсарту жөнінде бірқатар тапсырма берді. 

Оқи отырыңыз: Көпбалалы отбасыларға тағайындалатын жәрдемақы көбейді

Новости партнеров