|
15.01.2021 | 13:01
4763

Нұрлан Нығматулин Мәжіліс төрағасы болып сайланды

«Ақ жол» партиясы мен «Қазақстан халық партиясы» басшылары да Нығматулиннің кандидатурасын қолдады

Нұрлан Нығматулин Мәжіліс төрағасы болып сайланды inform.kz

Мәжіліс депутаттары Нұрлан Нығматулиннің кандидатурасын Палатаның бірінші отырысында құпия дауыс беру арқылы қолдады, деп хабарлайды Almaty.tv тілшісі ҚазАқпаратқа сілтеме жасап.

«Кеше Nur Otan фракциясының отырысында Нұрсұлтан Назарбаев депутат Нығматулиннің кандидатурасын ұсынды. Оған жүктелген барлық тапсырма мен міндет орындалды. Ол парламентаризмнің дамуына және жұмыс сапасының артуына ықпал етті. Дәстүр бойынша Палаталардың барлық отырысы, тұсаукесерлер, үкімет сағаттары, бейінді комитеттердің отырыстары Үкімет мүшелерімен онлайн-форматта өткізілді. Оның кандидатурасын қолдауды сұраймын», – деді Мәжілісте Дархан Мыңбай.

«Ақ жол» партиясы мен «Қазақстан халық партиясы» басшылары да Нығматулиннің кандидатурасын қолдады.

Жалпы отырыста Мәжіліс Төрағасы қызметіне басқа кандидаттар ұсынылмады.

Нұрлан Нығматулиннің кандидатурасына 100 депутат бірауыздан дауыс берді.   

Біздің Telegram каналына жазылып, соңғы ақпаратты оқыңыз. Егер хабарлама жолдағыңыз келсе, WhatsApp мессенжеріне жазыңыз.
Новости партнеров
След. →
Прямой эфир