|
03.03.2021 | 13:15
3230

Еңбекшіқазақ ауданына жаңа әкім тағайындалды

Жаңа әкім – Әлібек Әскербекұлы Жақанбаев

Еңбекшіқазақ ауданына жаңа әкім тағайындалды

Алматы облысы әкімінің өкімімен Әлібек Жақанбаев Еңбекшіқазақ ауданының әкімі болып тағайындалды, деп хабарлайды Almaty.tv.

Бұл туралы Еңбекшіқазақ ауданының баспасөз қызметі мәлімдеді.

Әлібек Әскербекұлы Жақанбаев  1964 жылы туған. Қазақтың Еңбек Қызыл Ту орденді ауыл шаруашылығы институтын орман шаруашылығының инженері мамандығы бойынша бітірген. Еңбек жолын Алакөл ауданы «Левобережный» кеңшарының жұмысшысы болып бастады.

Әр жылдарда Семей қаласында «Зеленстрой» шаруашылық есептегі учаскесі көгалдандыру бөлімінің агрономы, Алакөл ауданында Алакөл механикаландырылған орман шаруашылығының жұмысшысы, цех шебері, инженері, Үшарал орман шаруашылығында орманшы, бас орманшы, «Қаратал орманы» ММК Алакөл филиалының директоры, «Талдықорған ағаштары» ММК Алакөл филиалының директоры, «Алакөл орман шаруашылығы» ММ директорының орынбасары, директоры, Сарқан ауданының әкімі қызметтерін атқарды. 2011 жылдың мамыр айынан бері Алакөл ауданының әкімі қызметін атқарды.


Біздің Telegram каналына жазылып, соңғы ақпаратты оқыңыз. Егер хабарлама жолдағыңыз келсе, WhatsApp мессенжеріне жазыңыз.
Новости партнеров
След. →
Прямой эфир