Тұңғыш Президентіміздің ел үшін жасаған еңбегі лайықты бағалануы тиіс

Almaty.tv
Almaty.tv
Халық қалаулылары мен актерлер, қоғам қайраткерлері дәл осындай пікір айтуда
Жаңалықтармен бөлісіңіз

Тұңғыш Президент күні - әрбір қазақстандық үшін маңызды дата. Бұл мереке Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевтың іргесі мықты, тәуелсіз және табысты ел құрудағы ерен еңбегін таныту мақсатында белгіленген. Тұңғыш Президентіміздің ел үшін жасаған еңбегі лайықты бағалануы тиіс. Халық қалаулылары мен актерлер, қоғам қайраткерлері дәл осындай пікір айтуда, деп хабарлайды Almaty.tv тілшісі.

Егемендіктің елең-алаңында Елбасымен қоян-қолтық жұмыс істеген Қуаныш Сұлтанов Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаевтың ерекше көрегендігін айтады. Буыны қатпаған, келешегі бұлыңғыр елдің ертеңіне сенім артқан Елбасының бүгін үміті ақталып отыр, дейді. Оны өзі айтпағанымен, тарих бірін де қалдырмай қойнауына енгізді. Нұрсұлтан Назарбаев еңсемізді тіктеп, шекарамызды шегелеп, Қазақстанды мемлекет ретінде орнықтырып, кемелдендірді. Ел ретінде өрлетті дейді халық қалаулысы.

«Алғашқы кезде біздер де күн-түн демей жүрдік. Көшеде толған халыққа сол кісінің тапсырмасымен мән-жәйді түсіндірдік. «Кішкене шыдаңдар, бұрынғы СССР-дың ақшасы кетті, бізде ақша жоқ» дедік. Міне одан кейін 1993 жылы теңгемізді шығардық. Содан бастап, біздің тарихымызда бұрын-соңды болмаған қаншама жаңалық, шешімдер орын алды. Бұның барлығы Нұрсұлтан Назарбаевтың бізден бұрын көріп, тереңірек ойлап, алысырақ көргенінің арқасы», - деді  ҚР Парламенті Мәжілісінің депутаты Қуаныш Сұлтанов.

Әлем мойындаған, керегесі кең, өзге елмен терезесі тең мемлекет Көшбасшысының ерен еңбегін актер Нұрлан Әлімжан өте жақсы біледі. Елбасы жайлы бірқатар киноэпопеяда Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаевтың рөлін сомдаған актер Тұңғыш Президентті ойнау оңай болмағанын айтады. «Үлкен жауапкершілікті сезіндім», - дейді. Елбасының 17 жасынан бастап 55 жасқа дейінгі кезін, демек, оның қызықты да қиын өмірге қадам басуы, түрлі кедергілерге тап болуын кино арқылы барынша сезініп өткенін жеткізді.  

«Ол кісі арманшыл, биіктікті аңсайды. Ол кісі мақсат қойса, оған жетпей қоймайды. Сондықтан да «Балалық шағымның аспаны», «Отты өзен», «Теміртау», «Тығырықтан жол тапқан» сынды жаңағы Елбасымыздың киноэпопеясында осы шыр етіп, дүниеге келген кішкентай Сұлтаннан бастап, бүгінгі тәуелсіздікке дейінгі саяси тұлғасы сол фильмдерде көрсетіледі», - деді актер Нұрлан Әлімжан.

Новости партнеров